ОҚЫЛЫМ тапсырмасы. Төмендегі мәтінді мұқият оқыңыз, тапсырманы орындаңыз. 1-мәтін
Атақты театрлар
Бұл күндері театр үлкен мәдени ошаққа айналды. Қазіргі таңда кез келген мемлекетте бірнеше өнер ордалары тұрғызылған. Оның ішінде аты алты құрлыққа жайылған танымал театрлар бар.
Ковент-Гарден театры. Ковент-Гарден – Британия астанасы Лондонның белгілі ауданы. Танымал театрға аудан атауы берілген. 1732 жылы өз шымылдығын ашқан театр бірден танымал болып, Лондонның ең үздік өнер ордасына айналды. Ковент-Гарден 1808 және 1856 жылдары өртке оранды. 1858 жылы қазіргі ғимарат тұрғызылып, 1990 жылы күрделі жөндеуден өткізілді.
Гранд Опера театры. Париж қаласы Эйфель мұнарасымен ғана танымал емес. Франция елінің астанасында есімі көпшілікке белгілі Гранд Опера театры бой көтерген. 1669 жылы XIV Людовиктің келісімімен сазгер Камбер мен ақын Перрен театр негізін қалады. Ғасырлар бойы театр өз атауы мен мекен-жайын бірнеше мәрте өзгертті. 1875 жылы сәулетші Шарль Гарньенің жобасымен қаланың IX округінде театр ғимараты тұрғызылды. Орыс сазгері И.Стравинскийдің «Мавра» операсының тұсауы осы театрда кесілді. Қазіргі таңда Гранд Опера театрының атауы Гарнье Сарайы болып өзгертілді.
Үлкен театр. Мәскеу қаласында орналасқан Үлкен театр ғимараты 1780 жылы Неглинки жағасында салынған. Театр репертуарында балет пен итальян және орыс тіліндегі сықақ опералар болды. 1825 жылы театр жаңа ғимаратқа көшкен болатын. Үлкен Театрда П.Чайковскийдің «Черевичек», «Мазепа», С.Рахманиннің «Алеко», «Скупой рыцарь» т.с.с танымал опералардың қойылымдары өткен. Театрдың жайлы тарихи деректер әлі күнге дейін ел аузында.
Вена операсы. Әлемнің ең үздік театрларының бірі Австрия астанасы Вена қаласында орналасқан өнер ордасы 1869 жылы мамыр айында Моцарттың «Дон Жуан» операсымен ашылды. Театр ғимараты ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде біраз қиратылды. 1955 жылы ғимарат қалпына келтіріліп, Бетховиннің «Фиделио» операсымен ашылды. Әр жыл сайын театрда 60-тан астам жаңа операның тұсауы кесіліп, театр жылдың 285 күні жұмыс істейді. Сондай-ақ, театр жыл сайын «Опера балын» ұйымдастырады.
Метрополитен Опера театры. Алып елдің Американың Нью-Йорк қаласында орналасқан Метрополитен Опера театры 1883 жылы Ш.Гуноның «Фауст» операсымен ашылды. Театр өнерінің ең жас корифейі Метрополитен Опера өз қызметін жеке және заңды тұлғалардың демеушілігімен ұйымдастырады. 1966 жылы театр Манхэттендегі Линкольн-центрге көшті. Театр сахнасында жылдың жеті айында күн сайын қойылымдар көрсетіледі.
2-мәтін
Қазақстандағы туризм туристердің көзімен
Туристердің айтуынша, біздегі ішкі баға өте қымбат. Қырғызстан және Өзбекстанға барған туристер бізге келіп, қымбатшылықты сезінетіндіктерін жеткізген. Бізге келуші туристерге елдегі тарихи мекендер, археологиялық қазбалар, ескі салтты сақтаған халықтың тұрмыс-тіршілігі қатты ұнайды. Бұл туралы Дагмар Шрайбер есімді жиһанкез қыз ағынан жарылды. Оған табиғат аясында жалғыз қалып, ешқандай топпен бірікпей серуенге шыққан жақсы. Ал Еуропада ондай мүмкіндер аз дей келіп, біздің елдегі қауіпсіздік пен жабайы табиғатта жалғыз қалудың мүмкін болатынын жеткізді.
Туристердің басым көпшілігі Алматыдағы «Жетісу» қонақ үйінде туристерге арналған арнайы база құруды ұсынады. Себебі бұл қонақ үй ішінде тоғыз жолдың торабы тоғысқан шет елдіктер көп келеді әрі бұл қонақ үй халықаралық «Ұлы Жібек жолына саяхат» бағдарламасының мүшесі ретінде саналады дейді. Сонымен қатар бұл жер тек қонақ үй емес, орталық болғанын қалайды. Шеттен келетін туристер негізінен Алматыға ат басын тірейді. Себебі бұл демалыс және мәдениет ордасы. Сондықтан келуші жиһанкездер осы орталықтан келіп қай бағытқа жол алатындары жайлы, қайда бару керек, қай жерде қандай ерекшелік бар, құндылықтар, жабайы табиғатта не бар деген секілді сұрақтарға жауап табуы керек.
Бұдан бөлек туристердің бізге келуіне басты себеп адам аяғы баспаған табиғатымызға тамсану. Себебі олардың жағалау да, ну орман да, биік таулар да, тіпті демалатын арнайы орындарда бар. Тек бәрінде саяхат орындары салынған, адам аяғы жететін мекендер. Ал Қазақстанда адам аяғы баспаған жабайы табиғат бар деп, оның ішіне: Жоңғар Алатауын, Іле Алатауын жатқызады. Болашақта туризм экотуризмге ауысып, адамдардың қызығушылығы оянады. Ал экотуризм үшін Қазақстан «Батыс-Шығыс» қақпасы ретінде таптырмас ел болары сөзсіз. Туристердің Қазақстан жайлы айтқан ойлары қуантады. Себебі кеше ғана егемендік алған елдің отызға жетпеген жасында бұл жетістік, бұл мақтау елді қамшылап, жігерлендірмесе, еліміздегі туризм саласындағы қызметкерлерді алдыға итермелемесе, кейін тартпасы анық.
1-тапсырма. Кестені толтырыңыз.
Мәтіннің жанры
1-мәтін
2-мәтін
Мәтін рәсімделуі
1-мәтін
2-мәтін
Мәтіннің құрылымы
1-мәтін
2-мәтін
ЖАЗЫЛЫМ
2-тапсырма. Жоғарыда берілген мәтіндердің бірін таңдаңыз. Мазмұн желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазыңыз. Жинақы мәтінде жай сөйлем түрлерін қолданыңыз.
Алтын адам табылған қорған бұл өңірдегі обалардың ішінде ұрлықшылардың тонауынан аман қалған жалғыз қорған. Сақ жауынгерінің денесі обаның негізгі бөлігінде жатқан жоқ. Бәлкім, оның сақталып қалуының сыры осында болар.
Қорғанда хан әулетінен шыққан әкесі мен баласы жерленген болуы да мүмкін. Табылған алтын адамның хан әулетінің ұлы екені белгілі.
Алтын адамның киіміндегі алтынның нақты салмағы белгісіз. Мектеп оқулықтарында киімнің салмағы жиі жазылғанымен, нақты алтынның салмағы аталмайды.
Алтын адам киіміндегі жапсырмалар таза алтыннан жасалмаған. Олардың негізі ағаштан жасалып, сыртын алтын жұқалтырмен қапаған. Дәл осы себепті, алтынның нақты салмағы әлі күнге белгісіз болып отыр.
Есік қорғанынан табылған алтын адамның жасы 16-да болса, оның бойы 165 сантиметр болған.
80 сантиметрлік бас киімде дүниенің төрт бұрышын және билікті білдіретін 4 жебе бар. Осы белгісіне қарай Алтын адам хан әулетіне жатқан деп топшыланады.
Сонымен қатар, обадан 2 алтын жүзік табылған. Біреуінің беті тегіс болса, екіншісінде жалы не қауырсыны бар адам бейнеленген.
Алтын адамның бас сүйегі сынған. Сақ жауынгері жерленген камера төбесі тянь-шань шыршасының бөренелерімен жабылған. Уақыт өте келе бөренелердің біреуі шіріп, сақ жауынгерінің бас сүйегіне құлаған. Ал жауынгер арқасынан қылыштың жүзімен соққаннан мерт болған.
Алтын адамның киімі қызыл күдеріден тігілген. Археологтар қорғанды тапқан уақытта, тек алтын сауыт, әшекей-бұйымдар мен ыдыстар сақталып қалған. Алайда, Бекен ата обадан қызыл күдерінің қиындысын тауып алған. Сол арқылы алтын адамның киімі қалпына келтірілді. Сақтардың ұғымында қызыл түс қан түсін білдірген.
Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.
Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.
Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.
Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды.
Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.
Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.