. Оқылым. Жазылым Мәтінді түсініп оқы. Мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастыр.
Арыстанбаб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Бұл кесене XI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылған. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. Арыстан баб XII ғасырда жерленген. Жуықтап сол кезде кесене де салынған. Бұл сақталған кесене XX ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен қайта қалпына келтірілген. Бірінші бөлмеде Арыстан баб орналасқан, екіншісінде - шәкірттері Хермет-баба, Қарға баба, Лашын баба жерленген. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген. Арыстан баб кесенесі мемлекеттік қорғауға алынған.
Ахмет Байтұрсынов былай дейді :"Бата-біруге алғыс ретінде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар береді." Сондай-ақ, шешен,ақын,зергерлер өздерінің қасиетті өнерін шәкірттеріне аманат етіп тапсырғанда ақ батасын береді.