Оқылым Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының
дәстүрлі ұлтымында «Жолаушы өз үйінен қырық кадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді.
«Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді.
Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің
жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азыгы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол
сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп
кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті
түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс
болған.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға
Ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны
сыйламаса несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-
көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында холаушы кең даладағы оқиғалар
туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны
әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған.
Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға
айналған Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген Жолаушы жүрген адам кездессе, оны
үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын
болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-
туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін жолға көп шығатын болған. Ата-
бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын
жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады.
Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар
жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар.
Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан.
ОЖолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.
1. Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап,
себебін дәлелдеңіз.
2 Қарамен жазылған сөздер мәтінде не үшін қолданылған?
3.Мәтіндегі мақал-мәтелдерді автор кандай мақсатта қолданған?
қағаздар – бумаги, қыздар – девочки, адамдар – люди, аңдар – звери
емтихандар – экзамены, сандар – числа, шамдар – лампы, армандар – мечты
елдер – страны, кілемдер – ковры, сөздер – слова, үстелдер – столы
дүкендер – магазины, бөлiмдер – отделения, гүлдер – цветы, тілдер – языки
2.После глухих согласных 'к, қ, п, с, т, ш, щ, ф, х, h, ц, ч' и звонких 'б, в, г, д', как всегда, окончания, начинающиеся на глухую согласную (тар/тер):
жолдастар – товарищи, сұрақтар – вопросы, хаттар – письма, кітаптар – книги
ағаштар – деревья, құстар – птицы, бастықтар – начальники, ойыншықтар – игрушки
мектептер – школы, есептер – счета, суреттер – картины, шелектер – вёдра
үтіктер – утюги, әріптестер – коллеги, студенттер – студенты, жидектер – ягоды
3.Окончания первой строки (дар/дер) следуют после сонорных 'л, м, н, ң' и звонких 'ж, з'. Пример:
қағаздар – бумаги, қыздар – девочки, адамдар – люди, аңдар – звери ,емтихандар – экзамены, сандар – числа, шамдар – лампы, армандар – мечты,елдер – страны, кілемдер – ковры, сөздер – слова, үстелдер – столы,дүкендер – магазины, бөлiмдер – отделения, гүлдер – цветы, тілдер – языки