Оқылым
1-тапсырма. мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
бұл елдің жастары өзін биік ұстайды, биікке ұмтылады. токионың қақ ортасында
жастар көшесі, жастар алаңы бар. бұл жердегінің бәрі жастарға арналған. тамақ та, киім
де арзан. үкімет болашақтан үміт үзбес үшін жастарға барлық жағдайды жасап қойған.
жастар осы жерде өзін қызықтырған істермен айналысады. провинцияда тұратын жастар,
мектеп оқушылары жастар көшесін бір көруді армандайды. сол үшін де мектеп оларға
жағдай жасап, жақсы оқыған жастардың арман-тілектерін орындап отырады.
жастардың арманы орындалар жер осы. мұнда түрлі мерекелер, ата-анаға, бауырға
қайырымды болу, оларды сыйлау күндері өтеді. жастардың алдында ең ақылды данагөй
шешен шалдары, нобель сыйлығының иегерлері, жазушылар, ақындар, актерлер жүректен
шыққан сөздерін айтады. үлкен кісілер мен жастар көп пікірлеседі, сырласады. жапон
жастары бүгінмен ғана өмір сүрмейді, болашақ үшін, мемлекеттің гүлденуі үшін жұмыс
істейді.
қазақ халқы да жастарына «ақыл жастан» деп, үлкен үмітпен қараған. «
деген жұрт болмаса, жұртым дейтін қайдан шықсын! » - деген а.байтұрсыновтың
дана сөзі де жастарға ел тарапынан, мемлекет, үкімет тарапынан үлкен қолдаудың
әрқашан керектігін есімізге түсіреді.
бес жасқа дейін патшадай көретін қазақ 15 жасқа дейін аямай еңбекке
үйрете білген, 15 жастан кейін жастарға сенім артып, үлкен өмірге шыңдаған.
мәтін бойынша тест тапсырмалары:
1. мәтіндегі басты ақпарат туралы.
а) жастар
в) жапон елі және жастары
с) жастар және қарттар
d) жастар көшесі
2. асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
мұнда түрлі мерекелер, ата-анаға, бауырға қайырымды болу күндері өтеді.
а) үлкенге
в) үлкендерге
с) іні-сіңліге
d) досқа
3. асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
жазушылар, ақындар, актерлер жүректен шыққан сөздерін айтады.
а) шынайы
b) көп
с) дана
d) ақыл
4. жапон жастары неге бақытты?
а) олар сабаққа бармайды.
в) олар жұмыс істемейді.
с) олар мерекелерді көп тойлайды.
d) олар өзін қызықтырған істермен айналысады.
5. мақалдың жалғасын табыңыз. ақыл жастан,
а) ағадан
в) асыл тастан