Оқылым
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.
1. Берілген тұжырымдарданбір«жалған»ақпараттыанықтаңыз.
Тұжырым Шын Жалған
A
Адам терісінің ең өсімтал бөлігі- шаш.
B Күніне адам басынан 100 тал шаш түсіп, қайта шықпайды.
C Терітазалығы – адамденсаулығыныңкепілініңбірі
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
Жалған (антоним)-
Зор (синоним) -
4.Мәтіндегі ақпараттардың ретін көрсетіңіз.
Мәтіндегі ақпарат Реті
Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.
Дені саудың – жаны сау
Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ.
5.Сұраққа толықжауапберіңіз.
Денін сау, ұзақ өмір сүргін келсе не істер едіңіз?
Берілген тапсырмалардың біруін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Орфографиялық нормаларға сай жазып,қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.
1.Абайды оқы, таңырқа!
Сіздер сабақта Абай туралы ақпаратпен таныстыңыздар. Мұғалім Абайдың өмірбаянын жазуды тапсырды. Өмірбаян стилін сақтап жазыңыз.
2. Қазақ қолөнері. Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған.Қолөнер бұйымдарына не жатады? Қандай түрлерін білесін? Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне сай етіп эссе құраңыз.
Түркістан — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. [4]. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған.
Наурыз ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қазақстан, қысқасы Орта Азия елдері, Әзірбайжан, Иран және Түркияның күрдтер мекен ететін аймақтарында тойланады. Демек бұл халықаралық мереке.
Меніңше, Наурыз мейрамы біздің мемлекетімізде ерекше атап өтіледі. Ән-күй, мың бұрала би, аста төк ас, атжарыс. Сірә, біздің халықтан артық бақытты, құндылықты сақтаған халық болмас мына жалғанда. Әлбетте, басқа елдерде де өз деңгейінде тойланады ғой.