Жан сақтау бөлімшесінде емделушілерді үнемі бақылау жүйесі жұмыс істейді. Жалпы соматика, хирургия және неврология бөлімшелерінің құрамында медициналық оңалту және қалпына келтіру бағыттары бар. Көп бейінді облыстық балалар ауруханасындағы медициналық құрал-жабдықтар көп деңгейде автономды жұмыс істеуге және Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДСЖ) шеңберінде мамандандырылған, сонымен қатар, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкінік береді. Ауруханада қазіргі заманғы рентгенологиялық, жоғары қабілетті ультрадыбыстық диагностика аппараттары, миды зерттеуге арналған аппараттар, ФГДС, бронхоскоп, қан шығармай ота жасауға арналған эндобейнехирургиялық аппараттар бар. Медициналық оңалту және қалпына келтіру үшін физиотерапия бөлімшесі жанынан ванналарды пайдалана отырып, сумен емдеу шараларын жүргізуге мүмкіндік беретін бальнеологиялық бөлме бөлінген. Қан-тамыр бұзылыстарын, интоксикация және басқа да ақауларды емдеуге арналған екі барокамера орнатылған және жұмыс істейді. Облыстық балалар емханасы соматикалық (педиатрия, кардиология, неврология, пульмонология, аллергология, гастроэнтерология) және хирургиялық (хирургия, травматология, ортопедия, урология, ЛОР патологиясы, офтальмология) мамандықтар бойынша кеңес береді. Клиникалық-диагностикалық зертхана толықтай автоматтандырылған, бұл өз кезегінде қысқа мерзім ішінде зерттеулер нәтижесін алуға мүмкіндік береді. Емдеу тегін жүргізіліп, медициналық көмектің кепілді көлеміне кіреді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.