оқылым
Кейде ғұмыр кірпік ұшында тұрады.
Көзіңді ашып-жұмғанша... Мәселені сағаттар емес, минуттар емес, секундтар шешетін уақыт болады.
Бала Тоқтар Теміртауға келгенде, Қарағандыдағы аэроклубқа жазылып, кеудесіне ұшқыш болсам деген үмітті армандаған. Алғаш жасы жетпегендіктен парашютшілер секциясына жазғанда, аэродинамика дегеннің не екенін ең алғаш білгенде, парашюттің қалай қалықтайтынын тұңғыш сезінгенде адам өмірінің кірпік ұшына байланған нәрсе екенін аңғарып үлгермеген де болар.
Адамның жаны мұрнының ұшына келетін кез. Ойпыр-ай, әлгі МИГ-29 ұшағын шторм уақытында крейсер палубасына қондырған ерлігі ерен болған екен. Теңіз дауылы тұрғанда корабльдер желге қаңбақтай ұйытқып кетер еді. Шторм кезінде қатты толқын пайда болады. Бұл, әрине, мұхит толқынынан шағындау болғанымен, зардабы ауыр болды.
Тоқтар Әубәкіров сондай сұрапыл теңіз дауылы ышқынып тұрған шақта дыбыстан жылдам ұшатын ұшақты кеме үстіне қондырып үлгерген ғаламат ерлік жасаған. Әдеттегі сынақ ұшуы деп есептелгенімен осындай күрделі жағдайда ұшақты кеме үстіне қондыру таза жүрек жұтқандық қой!
Судың толқындарының салмағына ұшақтың салмағы келіп қосылғанда 80 мың тоннаға тең келерлік жойқын жүктен кеме шайқалғаны сондай: қауырсын секілді шырқ айнала жөнелген ғой. Тоқтар қорқып үлгермеген. Қорқыныш, үрейлену сезімі ұшақ қонған соң барып келсе керек. Япыр-ау, мен мұнда қалай тап болдым, бұған қонып нем бар? – деген ой ең соңынан келгенде қыр арқасын қара тер басқан...
Гиннесстің рекордтар кітабына кірген ерлігін де осы ұшақпен жасады.
1. Мәтінде Т. Әубәкіровтың қандай ерлігі сипатталады?
А. әскер бастаған
В. манаптарды бағындырған
С. ұшақты кеме үстіне қондыру
Д. бәйгеден озып шыққан
2. Төмендегі сөздердің синонимдерін жазыңыз.
а. Ғұмыр -
б. Үрейлену -
3. Мәтіннен 3 тұрақты сөз тіркесін теріп жазыңыз.
4. Ұшқыштың ерлігіне баға беріңіз. 2-3 сөйлем жазыңыз.
Жазылым
Берілген сұрақтардың біреуіне жауап беріңіз. Жауапты тиісті стильге келтіріп жазыңыз.
1. Қазақстан - Байқоңыр - Ғарыш
Сіз жақында ҚР Халық қаһарманы Т.Әубәкіровпен кездестіңіз. Сізбен болған
сұхбатта ғарышкер сіздің, жас жеткіншектердің көкейіндегі сауалдарына жауап берді.
Жалпы, нақты, альтернативті, жабық сұрақ түрлерін көрсете отырып, сұхбатты жазыңыз.
Жазылымда орфографиялық, пунктуациялық норманы, салалас құрмалас сөйлемдерді
орынды қолданыңыз.
Нұсқаулық:
Кіріспе жазу: журналистің алдына қойған мақсаты;
Сұхбатты жөнге келтіру, таза қағазға барлық сұрақтар мен жауаптарды жазу;
Редакциялау: сұрақтар мен жауаптардың барлығы қаншалықты қызықты, маңызды
екендігін қарап шығу, мәтінді тексеру.
2. «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»
Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі жарқын сәттерін баяндайды. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. «Мәңгілік ел» идеясы бізді ұлы
мақсаттарға жетелейді. Мақсатқа жетудің жолында ойыңызды дамыта отырып, «Мәңгілік ел – менің елім» тақырыбында мақала жазыңыз.
Жазылымда орфографиялық, пунктуациялық норманы, салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз.
Елімнің гүлденуі үшін мен көп нәрсе жасай аламын. Мысалы: тазалықты сақтау, қоқысты шығармау, сонымен қатар кейінірек өте жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін жақсы оқу .. Ғылымда кейбір жетістіктерге қол жеткізуге немесе адамдардың өмірін сақтауға болады - дәрігер болу. Мен психолог бола аламын және айналадағы адамдардың барлығын жарқын жаққа бағыттай аламын.Мұғалімнің, құтқарушының асыл жұмысын өз мойныма ала аламын.Мен өз еліммен мақтанатынымды жауапкершілікпен айта аламын. Оның үстіне, мен өзімнің елімнің болашағы зор болғанын қалаймын - ол соған лайық. Сондықтан мен өз мемлекетімнің толыққанды азаматы болуға - өз өмірімді, отбасымның және достарымның, жалпы адамдардың өмірін жақсартуға көмектесуге тырысамын.
Берілген билетке жауап.
1 сұрақ.
Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Батаның түрлері -біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақта батыр билерден, шашашсына шаң жұқпайтын ақындардан бата алуға құштар болған.
Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Батаның мақсаты: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны жаратқан иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды.Басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді.
Батаның түрлері:
1. Нәрестеге бата
2. Асқа бата
3. Ұлға бата
4. Қызға бата
5. Келінге бата
6. Сапар бата
7. Жастарға бата
8. Сүндет той батасы
9. Наурыз батасы
10. Ораза айт батасы
11. Жарапазан батасы
12. Ас қайыру батасы т.б.
2 сұрақ.
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
3 сұрақ.
Ит өлген жер – алыс;
Қырғиқабақ болу – ұрысу;
Ешкімнің ала жібін аттамау - ешкімнің жолын кеспеу,қарғысына жолықпау.