ОҚЫТЫМ 6-тапсырма. Мәтінді оқы. Жаңа сөздерді тауып, жасалу
жолдарын түсіндір.
Балалар, киім кию мәдениетіндегі қандай мезгілдік өзгеріс-
терді білесіңдер?
21 Сәндік өзгерістер, әрине, ұзақ сақталмайды, өйткені адам ба-
ласы әр уақытта жаңалыққа, түрленуге ұмтылады
Сән стилінің алмасу процесі жүріп жатыр. Сөз жоқ, үш-
төрт жылдан кейін ол өз шыңына шығады және сол шыңда бес
жылдай үстемдігін ұстайды. Одан кейін бір сәннің орнына ке-
лесі сән алмасып келіп отырады. Сәнді киім стилінің алмасу
процесі он жыл уақытқа созылады. Бұл циклдер әр ғасырда күн-
тізбелік онжылдықтармен сәйкес келеді, сондықтан «20-жыл-
дардың сәні», «50-жылдардың сәні» т.б. деп айтады.
Жаңа сән үлгілерін халыққа жеткізіп таратушы актерлер,
музыканттар, танымал сәнқұмарлар.
Тәуелсіз Қазақстанның сән өнерін бағындырған дизайнерлер
Құралай Нұрқаділова, Аида Кауменова, Оксана Корби, Балнұр
Асанова және т.б.
(Сән колледжіне арналған оқулықтан )
Біз өз ана жер табиғатты сақтауға және қорғауға тиіс.
Бір шалдың төрт ұлы болыпты.Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
-Мен қартайдым.Біреуінің үй иесі болатын уақыттарың жетті.Кімнің ақылы мен байлығы сай болса,сол мұрагерім болады.Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,-депті.
Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
-Міне,менің байлығым.Ал кім бай болса,сол ақылды,-депті.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп,әдеміленіп келеді де:
-Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,-дейді.
Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:
-Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ,-дейді.
Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да,кіші ұлына:
-Сен неге үндемейсің?Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?-дейді.Сонда кенжесі:
Менің асыл тасты жүзігім де,сәнді киімім де,қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ.Тек еңбек сүйгіш екі қолым,қайрат жігерге толы жүрегім ғана бар,-депті.
Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды.Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті.Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.