Окылым материал бойынша негізгі ойды билдиретин сойлемдерди ириктей отырып ,8 10 сойлемнен туратын жинакы матин жазыныз Казахский язык
Матин
Әлемнің ең үлкен кітапханалары
Ұлттық кітапхана – ҚХР-ның, Азияның және әлемнің ең ірі кітапханасы. Азияның ең үлкен кітапханасы деп саналатын Қытай Ұлттық кітапханасында 35 миллионнан астам кітап, қолжазба және тарихи коллекция бар. Кітапхананы Чинг әулеті (1644-1912) 1909-1912 жылдар арасында Пекин қала орталығына құрды. Қазір кітапханаға жыл сайын 5 миллионнан астам оқырман келеді.
Ұлттық кітапхана ғылыми, ұлттық басылымдарды сақтау қоймасы. Ұлттық библиографиялық орталық, кітапханалық-ақпараттық және ғылыми- техникалық кітапханалар желісінің ұлттық орталығы және даму орталығы. Кітапхананың жалпы аумағы 170000 шаршы метрді құрайды, әлемдік кітапханалар арасында бесінші орында. 2003 жылдың соңына қарай кітапхана 24 110 000 томның бай коллекциясын алды. Коллекцияда 270 000 том сирек кітаптар, 1 600 000 том ежелгі кітаптар болды. Кітапханада Қытай кітаптары мен шетел тіліндегі материалдардың ең үлкен топтамасы бар.
Классикалық туындылар жиналған ғимарат пен оқу залдары бір-бірінен бөлек. Келушілерге ашық бөлімі футуристік сәулет стилімен назар аударады. Ғимараттың ішкі дизайны да қабат-қабат оқу залдары түрінде жобаланған. Кітапханада 2004 жылы цифрлық бастама басталып, кітапхананың мұрағаты интернет ортасына көшірілді. Кітапханасының мұрағаты жыл сайын артып, 2016 жылдың деректеріне қарағанда кітапханада 115 тілде 35 миллионнан астам материал бар. Кітапханадағы ең байырғы тарихи туынды – осыдан 3 мың жыл бұрын тасбақа қабығына жазылған жазу.
Ресей Ғылым Академиясының Кітапханасы I Петрдің бұйрығымен 1714 жылы тұрғызылған. Кітапхананы ұйымдастырудағы басты мақсат – еуропалық білімге құштар, барлық сауатты адамдарды кітаптармен қамтамасыз ету болды. Кітапхана қоры – көптілді және әмбебап. Бастапқы кезде кітапханада 2 мыңға
жуық кітап болған көрінеді. 1783 жылы ІІ Екатеринаның бұйрығынан кейін кітапханаға Ресейде жарық көрген барлық баспалар әкеліне бастады. Бүгінде Ресей Ғылым Академиясының кітапханасы – бүкілресейлік мемлекеттік әмбебап кітапхана ретінде жұртшылыққа белгілі әрі әлемнің ең үлкен ғылыми кітапханаларының қатарынан орын алады.
Стокгольм кітапханасы швед сәулетшісі Гуннар Асплундтың басшылығымен тұрғызылған. Құрылыс жұмыстары 1924 жылы басталған екен. Құрылыс төрт жылдың ішінде аяқталып, яғни 1928 жылы кітапхана пайдалануға берілді. Ескере кететін жәйт, бұл кез келген кітап оқуға құштар адамды қабылдайтын тұңғыш шведтік кітапхана болып табылады. (297 сөз)
2.Жазылым.
"Батыр туса-ел ырысы"
"Батыр туса-ел ырысы" бұл сөзді сіз қалай түсінесіз? Батыр дегенде-елді,жерді,халқын қорғайтын адам еске түседі. Иә,бұл рас. Батыр әр кезде қаһарман істер жасайды,ешқашан халқын жылатпайтын болған. Әттең,қазір батырлар аз. Тек кейбірлері көзге көрінбесе,өмірде іспен емес,сөзбен шешетіндер көп.Жә,мейлі енді батырдың не үшін елге қуаныш екенін талқылайық. Себебін өздеріңіз де түсінген боларсыздар. Батыр-әр кез тура бермейтін, қайталанбайтын көсем. Міне,сол үшін де біздің де қуанып,тамсанатынымыздің себебі осы.
Досыма хат
Сәлем жағдайың қалай? Мәскеу ұнап жатырма. Мен болсам қазір Алматыда жүрмін.Бұл жердің табиғаты өте керемет. Тек Алматы ғана емес, Қазақстанның барлық жерлерінде көрікті мекендер бар. Баянауыл ұлттық саябағы, Алтынемел ұлттық саябағы бұлар өте әсем жерлер. Табиғатының әсемділігі соншалық, көрсең көзін тоймайды. Бурабай демалыс орнында айта кету керек. Жазда туристер өте көп баратын жер ғой. Шарын каньоны да баруға тұрарлық жер. Шет елдегі Колорадо каньоны деп ойлап қаласың. Қазақстанның көрікті жерлерін айта берсен өте көп. Мың рет естігенше, бір рет көп деген сөз бар емес пе, сондықтан сені осы жаққа шақырамын. Сау бол, досым. Сені келесі жолы Қазақстанда күтемін.
Сәлеммен "Аты-жөні" 2020 жыл