Окытым
6-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайында
Осыдан 70 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы деген атпен тари
өшпестей ізі қалған алапат қырғын басталып еді. Кеңес Одағын
басқа халықтар секілді қазақтар да қолдарына қару алып, неміс
ист басқыншыларына қарсы аяусыз күресті. Осы соғыста ерлери
қатар қазақ қыздары да ерлік көрсетіп, ұлттың абыройын асқақтаттын
Қазақтың қыздары да намысшыл, аршыл, қайратты екендігін төрткүл
әлемге паш етті. Солардың қатарында Мәншүк Мәметова мен Әлия
Молдағұлова да бар.
Бірі - пулеметші, екіншісі - сұр мерген. Мәншүк пен Әлия ел есін
де мәңгілік қалды. Оларды білмейтін, ерліктеріне қанық емес отан-
дастарымыз некен-саяқ. Өкінішке қарай, біз соғыс аяқталған алпыс
жылдан кейін барып қана қазақтың тағы бір қызы соғыста айрықша
қаһармандық көрсеткеніне қанықтық. Ол - Хиуаз Доспанова.
Хиуаз орыстың белгілі ұшқыш қызы М. Раскова басқарған үш-
қыштар полкінде штурман қызметін атқарды. Жау шебіне 300-ден аса
ұшып шықты. Соғыс кезінде көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін
«Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген
медальдармен марапатталды. Хиуаздың соғыстағы ерлігі лайықты
бағаланды. Еліміздің жоғарғы марапаты Халық қаһарманы атағына
ие болды. Сөйтіп, бұрыннан белгілі батыр қыздарымыз - Мәншүк пен
Әлияның қатарына Хиуаз келіп қосылды. Бұл - мақтаныш!
(Нурперзент Донбай)
Қазақтың қыздары қандай болуы керек?
Х.Доспанова кім және қандай ордендері бар?
Осыдан неше жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды?