Ол II. Сөйлемдерді аяқта. Глобус Жердің - ұқсайды. Онда лықтар, мұхиттар мен теңіздердің қалай орналасқаны ма деп аталады. Оның біреуі қою түсті болады. Ол глобусты е сы көрініп тұр. Полюстерді жалғастыратын сызықтар жартышарға бөледі. Экваторла — деп аталады. Олар- бөлікке және параллель орналасқан сызықтар дың кейбіреулерінің өз атаулары болады: Көмекші сөздер: дәл үлгісі, шар, меридиандар, Батыс, Шы. ғыс параллельдер, Солтүстік поляр шеңбері, Оңтүстік поляр шеңбері, экватор, Солтүстік тропик, Оңтүстік тропик. Пlourіндегі заттардын
Малы көп бай жылайды қар жауғанда, Бәрін тастар ниеті малға ауғанда. Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр, Әйелі шелек толы сүт сауғанға. Малы көп бай ертемен жейді қаймақ, Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап. Ең болмаса, айранға тойғызса деп, Жатса, тұрса, тілейді «а, құдайлап». Сараң байдың үйіне қонақ келсе, Қояды кәрі қойын ол ыңғайлап. Кедей жомарт үйіне мейман келсе, Жалғыз қойдың тұрады басын байлап. Бай жалтаң, кедей калтаң, халық дархан, Көп жердің дәмін таттық сыбай-салтаң. Елімнің азаматын таныс қылған, От жырым, қызыл тілім, сенің арқаң!
Малы көп бай жылайды қар жауғанда,
Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.
Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,
Әйелі шелек толы сүт сауғанға.
Малы көп бай ертемен жейді қаймақ,
Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап.
Ең болмаса, айранға тойғызса деп,
Жатса, тұрса, тілейді «а, құдайлап».
Сараң байдың үйіне қонақ келсе,
Қояды кәрі қойын ол ыңғайлап.
Кедей жомарт үйіне мейман келсе,
Жалғыз қойдың тұрады басын байлап.
Бай жалтаң, кедей калтаң, халық дархан,
Көп жердің дәмін таттық сыбай-салтаң.
Елімнің азаматын таныс қылған,
От жырым, қызыл тілім, сенің арқаң!
"Тараздың бойтұмары" тақырыбына диалог құрастыру.
Алтынбек: «Тараздың бойтұмары» деген мәтінді оқыдың ба?
Қанатбек: Әрине, мұғалім үй тапсырмасына сол мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келуді тапсырған болатын.
Алтынбек: Сонда, Қарахан неліктен Айша Бибіге уәделі уақытта бара алмай қалады?
Қанатбек: Себебі, жаугершілік заман болып, Қарахан елін, жерін қорғап шайқаста жүреді.
Алтынбек: Таразға барар жолда қандай жағдай орын алады?
Қанатбек: Жолдан шаршаған Айша Бибі төсенішке жатып, маужырап ұйқыға кетеді. Сол кезде оны даланың улы жыланы шағып алады.
Алтынбек: Қарахан денесін у жайлаған аруға жетіп үлгереді ме?
Қанатбек: Иә, Қарахан молда мен емшіні алып жеткенде Айша есінен танып жатыр екен.
Алтынбек: Сүйген жарынан айырылған Қарахан не істейді?
Қанатбек: Ол сүйген жарының денесін жерлеп, басына әсем күмбез орнатады.
Алтынбек: Мәтіндегі ақпаратты өте жақсы меңгеріпсің, жарайсың!
Қанатбек: Рахмет, бүгін сабақта қол көтеріп, бірінші жауап бергім келеді.