Қолындағы телефонға шүйлігіп, балабақшадан ертіп келе жатқан қызына көңіл бөлмеген әкесіне сөзін жеткізе алмаған бала: «Құдай мені телефон қылып жаратқаныңда ғой. Әкем
маған ғана қараушы еді» - деп іштей жалбарыныпты.
«Әлеуметтік желінің әлегі» - деген пікірді жоққа шығарып немесе жақтап, сюжетті әңгіме
жазыңыз. Әлеуметтік желінің пайдасы немесе зияны туралы дәлел келтіруге тырысыңыз. Өз
көзқарасыңызды бір жақты ұстаныңыз.
200-250 сөз
– Бақыт қайда барасың?
– Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат тірлігі
Ұйымшыл елге барамын,– деп жырлапты. Бүгінгі қазақ мемлекетінен тағат, ғибадатты табамыз, тәубе. Көршілерін былай қойғанда, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын бір үстелдің басына жинайтын да біздің мемлекет. Жаһандық маңызы бар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі жақында өткелі тұр. Бұл Қазақ елінің мәртебесі десек, екінші жағынан, қазаққа берілген бақыт деуге болады. Себебі, өзіміздің бақытты, ынтымағы жарасқан, бейбіт ел екендігімізді екінші тараптан осылай көрсете аламыз.
Мақсаты кең, нәтижесі биік бұл съездің алдыңғы кездесулердегі ауқымды талқыланған мәселелері өз жемісін беріп жатыр деп білеміз. Бірақ, биылғы IV Съезге қойылған тақырыптың маңыздылығы да ерекше. «Бейбітшілік және келісім – адамзат таңдауы» тақырыбының қарастырар талқысы мол. «Тұрақты дамуға қол жеткізудегі дін лидерлерінің рөлі», «Дін және мультикультурализм», «Дін және әйел: рухани құндылықтар мен қазіргі заманғы сын-тегеуріндер», «Дін және жастар» атты төрт секциялық отырыс жоспарланған.
Біздерді қызықтырып, тапқырлықпен таңдалған бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі – жастар мәселесі. Қай елде болса да діннің алар орны ерекше. Әрі халық өзі ұстанған дініне мейлінше берік болуға тырысып, дін басшыларына ерекше орын берері хақ. Олай болса, жастарды тәрбиелеу мәселесінде діндер көшбасшыларының алар орны өзгеше. Астана төріне дін басшылары жәйдан-жай жиналмақ емес. Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайының көк шаңырағының астында ұйымшылдықпен талқыланатын өзекті мәселелер әр елдің игілігі үшін болмақ. Міне, осыны татулық пен бейбітшіліктің нышаны деуге әбден негіз бар. Бұл съездің Қазақстанда өтуінің өзі тек беделімізді ғана емес, ата-тарихымызға сай қонақжайлылығымызды да айғақтайды.
Ауқымы кең, айтары мол, талқыланатын тақырыбы терең құрылтайдың алдында «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде (№169-171, 20 сәуір 2012 ж.) басылым басшысы Сауытбек Абдрахмановтың Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы хазрет Әбсаттар қажы Дербісәлімен «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» атты сұхбаты жарияланған-тын. Оқып, ой түйіп, алған ерекше әсерімізбен бөлісу мақсатында қолға қалам алған едік.
Ғұламалардың «Тақырыпты дұрыс түсіну, оқығалы жатқан дүниенің жартысын түсінгенмен тең» дегеніндей, дінбасының сөзінен алынып, «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» деп аталған бұл мағынасы терең сұхбаттың тақырыбының өзі маңыздылығы мен терең ой қалдыратынын айқындап тұрғандай.
Менің сүйікті мектеп.
Мен 99-мектепте оқидым. 9 жылдан бері осы мектепте оқып жүрмін, мен мектебімізді шын жүректен білемін. Сондықтан мен айта бастаймын. Біздің мектепте екі қабат бар. Бірінші қабатта жаттығу залы, 2 техника бөлмесі, 5 кіші сынып, акт залы, асхана, директор кабинеті, химия, қазақ, ағылшын, физика, сондай-ақ 3 дәретхана мен 2 ауысымдық бөлме бар. Екінші қабатта 1 кіші мектеп, 3 қазақ тілі кабинеті, 2 математика кабинеті, 2 орыс, ағылшын тілі, биология, тарих, информатика, өзін-өзі тану, география кабинеттері, сонымен қатар оқытушы, әлеуметтік педагог, логопед және кітапхана. Мектеп жанында спорт алаңы бар.
Біздің мектебіміз сол жылы 55 болды. Біздің мектепте білім 9-сыныпқа өтеді. Мектепте 40-қа жуық мұғалім және 10 қызметкер бар. Мектеп жақсы оқытылады. Тақырыптар анық түсіндіріледі. Бізде 1-ден 8-сыныпқа дейін жаңартылған бағдарлама және бес күн. 9-сынып ескі бағдарлама болып қалды және сенбіге дейін үйренді. Әр жұмада бізде «Таза жұма» бар, 5-9 сыныптардың барлық сыныптары мектепті көктемде тазалаумен айналысады. Сенбі күні бізде «Субботник» 8-9 сыныпты тазалады. Біздің мектепте көптеген мерекелер бар: «Күзгі бал», Жаңа жыл, 8 наурыз, 1 мамыр, 7 мамыр, 9 мамыр. Ал басқа мектептердегідей. Біздің мектебіміз жақсы деп айта аламын. Мұнда бәрі үлкен және достық отбасы сияқты.