Баяғыда бір алып шаһар болыпты. Ол шаһарда ешқандайда бағдаршам болмаған екен. Сол себепті де, ол шаһардағы көліктер жол ережесін білмей, үнемі бір-бірімен соқтығысып қала береді екен. Көліктердің кесірінен шаһардағы адамдар да көшеге шығудан қалған. Бір күні бір кішкентай бала түрлі түсті қағаздармен ойнап отырады. Қызыл, сары, жасыл түсті қағаздар баланың ойына ерекше ой салады. Бала сол түстерді қолына ұстап, көшеге шығады да көліктерді ары-бері жөнелтеді екен. Сол кезде кішкентай баланың жасаған ісін үлкен адамдар əрі қарай жалғастырып кетеді. Баланың жасаған бағдаршамы алып шаһардағы ең ерекше бағдаршам болып қала береді.
Қыс айлары суық болады.Айнала аппақ қалың қар жатады.Қыс мезгілінде қыстап қалатын құстарға азық табу қиын. Қыста азық табу қиын болғандықтан ,олар адамға жақын жүреді.Қыстап қалатын құстар-торғай,көгершін,қарға ,сауысқан ,сары шымшық,тоқылдақ. Сауысқан ,қарға кез келген тамақты көрек ететін құстар.Олар қардың астынан қазып түрлі тамақ қалдықтармен көректенебереді.Тоқылдақ ағаштың арасындағы бунақденелілерді тауып көректенеді,Ал қар бетіне түскен оның қалдықтарын торғайлар ,сары шымшықтар теріп жейді.Көгершіндер адамаға аса жақын жүреді. Балалар құстарға жем береді,нанның қалдықтарын береді.Құстардың табиғатқа пайдасы зор.Олар ағаштарды ,егінді зиянды құрттардан қорғайды.Сондықтан балалар құстарды қорғап қамқорлап жүреді.
Бір күні бір кішкентай бала түрлі түсті қағаздармен ойнап отырады. Қызыл, сары, жасыл түсті қағаздар баланың ойына ерекше ой салады. Бала сол түстерді қолына ұстап, көшеге шығады да көліктерді ары-бері жөнелтеді екен. Сол кезде кішкентай баланың жасаған ісін үлкен адамдар əрі қарай жалғастырып кетеді. Баланың жасаған бағдаршамы алып шаһардағы ең ерекше бағдаршам болып қала береді.