В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
progeimer16
progeimer16
07.01.2020 03:44 •  Қазақ тiлi

*Onőach орындау
АЙТЫЛЫМ
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. Ақбөкен қандай жануар?
2. Оны қазақтар тағы да қандай атаумен атайды?
3. Ақбөкендер қалай сақтанады?
4. «Киіктердің өзін-өзі емдеуі» қандай жолмен жүзеге асады?
5. Жауабында қай мағынадағы сөздер басым болды: зат
атауы, сын-сапа атауы, қимыл-қозғалыс атауы. Кестеге салып
толтыр.
Зат атауы
Сын-сапа атауы
Қимыл-қозғалыс атауы​

Показать ответ
Ответ:
ohcarl
ohcarl
07.03.2023 22:14
Ата-ана ризалығын алу – әдептіліктің негізі. Сондықтан бір Аллаһ тағалаға сыйына отырып, пайғамбарымыз Мұхаммедтің ( с.ғ.с.) сүннетіне сай ата-ананы қалай құрметтеуді түсіндірелік:
1. Перзент әрдайым ата-ананы құрметтеп, оларға жақсылық жасап айтқандарын екі етпеуі тиіс. Қартайған шағында оларға қарап «үф» деместен, ауыр сөз айтпауы, көңілдерін қалдырмауы керек.
2. Ата-анаң бір іс тапсырса, ол саған қаншалықты ауыр тисе де шамаң келгенше орындауға тырыс. Егер шамаң келетін іс болса, бар ынтаңмен орында. «Әкетайым, анашым» деген сөздерді жиі қолдан. 
3. Олармен сөйлескенде дауысыңды көтерме. Оларды еш себепсізден-себепсіз кінәлама және оларға қарсы шықпа. Әрдайым күлімсіреп, жақсы сөзбен жауап бер және оларды есімдерімен немесе лақап атымен шақырма. Әке, апа немесе ана деген жарасымды атаулармен ата.
4. Бар жан дүниеңмен, әрі шын жүректен оларға сүйіспеншілік таныт. Олардың жанында аңшының қолына түскен қанаты жоқ құстай отыр. Бала кезіңде олар сені махаббатымен кұшағына алып, бауырына басты. Сені ішкізді, жегізді, үсті-басыңды тазалады. Саған қамқорлық жасап, барлығын үйретті. Енді ойлап қарасаң, барлығы керісінше. Өйткені, сен есейдің олар қартайды. Сенің күш-қуатың тасып, олар әлсірей түсті. Әуелде сен оларға мұқтаж едің, енді олар саған мүқтаж. Енді сен де оларға қамқор бол! Әке-шешеңнің қарызын, көптеген жаксылықтарын өз қызметіңмен өте.
5. Ата-анаңа тек бүл дүниеде ғана құрмет көрсетумен шектелме. Олар қайтыс болғанда Ұлы Жаратушы Аллаһ тағаладан: «Уа Раббым! Ата-анама рахым ет, балалық шағымда мені тәрбиелегендей, Сен де оларға қамқор бол және оларды тозақ отынан сақта!», – деп дұға жаса. Негізінде әке-шешемізге өмірбақи қарыздармыз. Оларға қайырлы тілек тілеп, адал қызмет ету әрбіріміздің қасиетті борышымыз. 
6. Ата-анамызға құрмет көрсету және оларды сыйлау қанымызға сіңген әдет деп ойламай. Оны Жаратушымыз Аллаһ тағала тарапынан әмір етілген ғибадат деп түсінгеніміз жөн. Әке-шешемізді қартайған шағында бағу – біз үшін міндет. Біз мұсылман балалары ата-анамызды бағып, оларға мойынсұнуды Аллаһ тағаланың әмірі деп білеміз.
7. Аллаһ тағала қасиетті Құран Кәрімде құлдарына әуелі Өзіне ғибадат етуді, кейін ата-анаға мойынсұнып құрмет көрсетуді бұйырды. Демек, Аллаһтың ризалығын алам десең, ата-анаңның ризалығын ал! 
8. Әрбір халық жақсы дәстүрлерге кенде емес. Бірақ, солардың ішіндегі ең абзалы – ата-ананы сыйлап, құрмет керсету.
9. Әке-шешеңнің ризалығын алсаң жәннаттың ортаңғы есігінен кіресің. Керісінше оларға қарсы шығып, айтқанына құлақ салмасаң одан алыстайсың.
10. Ата-анаңды ренжітсең Аллаһ тағаланың саған ашуы мен азабы келеді. 
11. Егер ата-анаңа қамқорлық жасап бойұсынсаң және құрметтеп адал қызмет етсең, ертең өз бала-шағаң да саған қамқор болады. Ал, егер оларға қиянат жасап, азап көрсетсең ұрпағың да соны өзіңе қайтарады. Оларға қол жұмсасаң, сен де балаңнан таяқ жейсің.
12. Мына нәрсені біліп қой: ақиретте әр пенде ата-ана ақысына байланысты арнайы жауапқа тартылады.
13. Ата-анаға құрмет көрсетуді тек пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ғана бұйырған жоқ. Мұны бұрынғы пайғамбарлардың барлығы да өсиет еткен. 
14. Бұл дүниенің бақыты мен ләззаты, қуанышы мен шаттығы тек ата-ананы құрметтеу арқылы ғана баянды болмақ. Әке-шешеге деген сый-құрмет, олармен жақсы қарым-қатынас күмәнсіз үй-ішіне береке кіргізеді.
15. Бұл дүниеде ата-анасына қамқорлық жасап, балалық махаббатын арнаған перзент ертең ақиретте пайғамбарлармен бірге еш қиындықсыз жәннатқа кіреді
0,0(0 оценок)
Ответ:
tima2411
tima2411
07.09.2021 14:06
Дүйсенбі - бұл күні оқу және жұмыс аптасы басталады, сондықтан жаңа өмір басталғандай болып көрінеді.
Сейсенбі - бұл аптаның екінші күні, кешегі күннен басталған істер жалғасын тауып, аптаның ортасына жақындай түсеміз.
Сәрсенбі - қазақтардың сәтті деп есептейтін күні, сондықтан бұл күні бастаған барлық істер сәтті болады деп сенемін.
Бейсенбі - бұл аптаның аяқталуы жақын деген сөз, бұл күні оқу, жұмыс жасау қарқыны күшейіп, осы аптада аяқталмаған істерді аяқтауға тамаша мүмкіндік бар.
Жұма - қасиетті күн. Бұл күні барлық ойлаған тілектерің қабыл болады дейді, сондықтан тек жақсы тілектер тілеп, аптаның аяғындағы шаруаларымызды нәтижелі аяқтауға тырысамыз.
Сенбі - аптаның демалыс күндерінің бірі, жақсылап демалып алуға мүмкіндік береді, бұл күні бәрі жеңіл әрі оңай өтеді. 
Жексенбі - жақсылап тынығып, келесі жаңа аптаға, жаңа белестерге жетуге жетелейтін, күш беретін күн. Жексенбіден кейін тағы бір жаңа өмір бастала береді.
Әр аптаңыз нәтижелі болсын!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота