Мен Қазақстанда Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау,Алтай таулары бар екенін білемін.Сарыарқа таулары Орталық Қазақстанда орналасқан.Олар-ұсақ шоқылы аласа таулар.Орташа биіктігі -500-600м.Сарыарқаның ең биік нүктесі-Ақсораң.Ақсораңның биіктігі-1565м.
Мұғалжар- аса биік емес,тастақ таулар тізбегі.Ең биік нүктесі-Боқтыбай тауы.Биіктігі-657м.
Маңғыстау тауларына Қаратаудың батыс,шығыс жоталары,Ақтаудың оңтүстік, солтүстік жоталары кіреді.Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі-Қаратау Бесшоқы.Оның биіктігі-556м.
Қазақстанға алып Алтай тауларының бір бөлігі енеді.Алтай таулары Зайсаң көлі мен Байкал көлдерінің аралығында жатыр.Алтайдың ең биік шыны-Мұзтау(Белуха).Оның биіктігі-4506м.
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерден басталады, сондықтан, менің ойымша, әрбір азамат өзінің туған жерінің тарихын білуі тиіс.
Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында еліміздің түкпір – түкпіріндегі оқушылар тарихи - өлкетану мұражайларына саяхат жасау өскелең ұрпаққа терең ой салады деп ойлаймын. Тіпті шетелге саяхатқа шыққанда мұражайға барсаң сол елдің өткені жайлы барлық мағлұматты алуға болады.
Қазіргі заман ағымымен мұражайға бару қалыс болып бара жатқанымен, Туған жерінің тарихы мен мәдениетін білу мақсатында жас ұрпақты мұражайға апарып, түрлі жәдігерлермен таныстыру керек деп есептеймін.

Мұражай туралы.