Оны оқы. Шыққан мақалды жаз. 40. Бос торкөзге әріптерді сағаттағы сан ретімен орналастырып, 12 1 11 Y 10 Г Б A 2 3 л 4 K 9 д 8 7 6 5 I H ОТ 1 2 3 2 4 5 6 7 3 8 7 6 9 10 3 7 • Мақалдың мазмұнын түсіндір.
Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан – сол кездің өзінде – ақ көп тың пікірлер айтқан ғалым. «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбегіне тоқталатын болсақ, мұнда Шоқан халықтың әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыстыра қарайды. Әсіресе оның қазақ поэзиясының халықтық сипаттарын ерекшелегені қызғылықты. Поэзияны халықтың рухани серігіне санайды. Бұл жайлы «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышысы не қобызшы музыканттар тастап кеткен», - деп жазады. Өмір шындығының ұқсастығы әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып та көркем тілмен нақышында суреттейді. Көшпелі халықтардағы өлеңді суырып салып айту өнерінің күштілігіне назар аударады. Қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей отырып, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстыруды ойлаған. Қорыта айтқанда, Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел. Өйткені, ол өз еліне шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.
Қазақ әдебиетінің даму тарихында ХХ ғасыр әдебиеті үлкен орын алады. Жаңа ғасырмен бірге қазақ даласында рухани мәдениеттің өркендеуіне мүмкіндіктер туды. Соның бір көрінісі ретінде жазба әдебиет те ерекше екпінмен дами бастады. Ол жанрлық тұрғыдан салаланып, көркемдік тұрғыдан жетіле түсті.
Әдебиет – замана тудырған асыл сөз. Сондықтан да ХХ ғасырдағы Қазақстандағы тарихи-қоғамдық жағдайлардың өзгерістеріне сай әдебиет те өз кезегінде солармен үндесе келіп, замананың көкейкесті мәселелерін көтеріп, қоғамдық өмірдің көркем суретін жасауға ұмтылды. Осыған орай, электронды оқулық материалдары кезеңдерге бөлініп, «ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет», «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдебиет» деген тақырыптарда шолулар беріліп, сол қарсаңдағы қоғамдық-әлеуметтік өмірдің жай-күйі және оның әдебиет дамуына тигізетін әсері айқындалды.