В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
моника59
моника59
22.05.2020 12:10 •  Қазақ тiлi

Описание качеств петуха и лиса из сказки петуха лисы и кота

Показать ответ
Ответ:
zatzepinanatas
zatzepinanatas
04.11.2020 06:35
«қара жердің қайығы» атанған «мал қасқасы», «ойсыл қараның» ұрқы−тұйе қазақ халқының көшпелі қоғамдық өмірінде, дәстүрлі тұрмыс салтында ең белді, мықты көші-қон көлігі саналады.
халық аңыздарында және ел аузында түйе−сөрдән жаратылған деп арғы тегін мифтік түсінікпен тамырластырады. деседе, түйе дәл сордан жаратылмағанымен, түйенің сортаң, ащы шөпке әуестігі, шөлге шыдамдылығы  (айтылуынша, түйе қырық күн шөлге шыдайды−мыс)  сынды жаратылстық қасиетының де халық зердесінен қағыс қалмағанын көруге болады.
түйенің иесі, пірі−өйсіл қара.
ойсыл қара келенің бурасы екен.
буралығын білдірген шудасы екен.
пір болды түйешіден ойсыл қара

шаруаның бір пірі−өйсіл қара,
түйені өсіз жарылқап болып пана.
ит-құс, пәле-індеттен аман сақтап,
топ-топ қылып боталат ару ана,-деп жырланады.

тілдегі түйе атаулары
түйе малының тілдегі жалпы атауы−шалқұйрық.
айыр түйе−екі өркешті түйелердің жалпы атауы.
нар тұйе−жалғыз өркешті түйелердің жалпы атауы.
бота, көшек−түйе төлінің жалпы атауы, інгеннің жасқа толмаған төлі.
нар бота− ару ананың жасқа толмаған төлі.
тайлақ−екы жасқа деиінгі төл.
шотайлақ− қысыр қалған інгендердің емізіп жүрген былтырғы ботасы не енесі боталауға бір ай қалғанша емген тайлақ.
бұлдыршын −үш жасқа шығар қайымаған ұрғашы түйе.
құнанша−үш жасар ұрғашы түйе.
дөненше−төрт жасар ұрғашы түйе.
тығыршын− төрт жасқа шығар қайымаған ұрғашы түйе.
соқтан−торт жасқа шығар еркек пішпе түйе.
буыршын−аруана мен үліктен туған төрт жасар жас бура, інген бұзар.
атан−ақталған, кексе, ірі айыр түйе. мысалы: «қабанбай батыр» дастанында қабанбайдың басы астаудай, көзі тас бастаудай, төрт аяғының астынан ел көшкендеи ақ бас атаны болғаны суреттеледі.
атанша−айыр түйенің бес жасқа деингі аты.
інгенше− бес жасқа жетпеген , боталамаған ұрғашы айыр түйе.
мая−жалғыз өркешті түйенің аналығы.
аруана−жалғыз өркешті таза тұқымды аналық.
тұмса−алғаш боталаған інген мен мая.
нар− жалғыз өркешті түйе  (еркек, ұрғашысы қамтылады) 
нарша−жас нар.
ұлек−жалғыз өркешті түйенің аталығы.
бура−айыр түйенің аталығы.
әләшә−інген мен жабайы түйенің аталығы.
жәмпөз−інген мен бураның таза, асыл тұқымы.
ләкір−тәзә қанды бура мен аруанадан туған ұрпақ.
  әленәр− таза қанды үлек пен аруананың ұрпағы. 
қоспақ−ынген мен үлектен туған будан.
жарбай−мая мен үлектен туған екінші ұрпақтың буданы. 
жөң−мәя мен үлектен туған буданның екінші ұрпағы.
жөңбәй−жөңнің ақта етілмеген бурасы.

тілдегі түйенің түстері
ақ  (атан)  немесе ақбас  (атан) , боз  (інген) , сары (тайлақ) , қызыл  (нар) , қараша  (қоспақ) , қара (бура) , қоңыр  (мая) .

тілдегі түйе туралы айтылым білімдері
түйе боздайды, зауығы келгенде жынын шәшіп, шақырайып күркіреиді. адамға жүгіріп шайнап, таптап өлтіруден тайынбайды.
түйені «көс-көс!» деп шақырады.
«шөк-шөк» деп тізелетеді, шөгереді.
«сорап-сорап» деп суарады.
түйенің шағылысқанын «қаю» деп, шағылысып болса, «қайыды» деп атайды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Tigrica2017
Tigrica2017
21.02.2023 10:26

Хеопс пирамидасының сырлары.

Пирамиданы адам салғаны рас па?

Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. «Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері «жындар салған болуы ықтимал» десе, бәзбіреулері «бұл - жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі «жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады.

 

Неге олай? Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған сәулетші Пэйдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды. 1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанмен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді.

 

Сондықтан да, Хеопс пирамидасы - адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Грек тарихшылары 7 кереметке: Олимпиядадағы Зевстің статуясын, Галикарнастағы мавзолейді, Ирактағы Семирамиданың аспалы бағын, Родос аралындағы 32 метрлік Гелиос алып мүсінін, Александрия маягын, Эфестегі Артемида ғибадатханасын жатқызады. Бірақ, осылардан бүгінге дейін аман жеткені осы Хеопс пирамидасы ғана. Аңыздарға қарамастан оны салғызған иесі мен қалай тұрғызылғаны жөніндегі деректердің анықталғаны рас. Енді сол тылсым қызықтарға кезек берейік.

 

Таңғаларлық деректер

 

Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен. Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын Хуфу б.э.д 2551-2528 жылдары Ніл өзенінің батыс жағалауына өзінің болашақ моласы етіп салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын, пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота