Қазақ әдебиеті мен мәдениеті бүгінгі күнгі деңгейіне бірден жете қоймаған еді.Сан тарихи жылдарды артқа тастап,халықпен бірге нәубетті бастан кешіріп қазіргі ұрпаққа,бізге,жеткен еді.Біздің қазақ әдебиеті қоры бай әрі сан салалы.Оның ішінде жыраулар поэзиясының алар орны ерекше.
Жыраулар поэзиясы – халқымыздың тарихында қайталанбас, айрықша орны бар, рухани-әлеуметтік маңызы орасан зор, қыр-сырлары әлі күнге толық айқындалып болмаған қызықты да күрделі құбылыс.Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар.Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан.Оның өріс алған кезеңі он бесінші ғасырдың тұсында.Жыраулардың өр рухты жырлары бізге негізінен ауыздан-ауызға тарап жеткен екен.Ал оның өкілдеріне Сыпыра жырау,Асан қайғы,Қазтуған,Доспамбет,Шалкиіз,Жиімбет,Марқасқа,Ақтамберді,Тәтіқара,Үмбетей,Бұқар және тағы да басқа жырауларды жатқызамыз.Сыпыра жырау,Асан қайғы,Қазтуған жыраулар – жыраулар поэзиясының алғашқы өкілдері боп табылады.Әр жырау өзінше ерекшеленді.Әртүрлі тақырыпты жырласа да,тек шындықты айтты.Осы тұрғыдан келгенде, жырауларды өз елінің арман-аңсарын, мақсат-мұратын жырлаған, халқының өмір салтын, тірлік-тынысын боямасыз бейнелеген еркін ойлы шығармашылық иелері ретінде тану жөн.Абылай ханның қасында кеңесші болған,өр тұлғалы Бұқар жырау:
Ай, заман - ай, заман - ай,
Түсті мынау тұман - ай.
Істің бәрі күмән -ай.
Баспақ, тана жиылып
Фәни болған заман - ай.
Құл - құтандар жиылып,
Құда болған заман - ай,-деп өз заманының бейнесін бейнелеп,шындығын айқындатқан еді.Өлеңнен сол заманның бұзылғандығын ұғынамыз.Ал өз кезегінде қайсар батыр бола білген Ақтамберді жырау:
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жалынды жүрек қан қайнап,
Елді-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап!-деп жаугершілік заманды,осылайша талай батыр елі үшін жанын пида еткендігін жырымен жеткізген еді.
Жыраулар поэзиясы – сол кезде халыққа рух берген қайсар жырлар поэзиясы.Жыраулар поэзиясынан Отанды сүюге,ел-жұрттың қамын ойлауға,қайсар да шыншыл болуға, адамгершілікке үйренеміз.
Берілген сөздердің синонимдерін, антонимдерін жазу.
Жағдайы жақсарады- өмірі оңалады / түзеледі, жақсы өмір сүреді, жағдайы түзеледі (синоним); ауыртпалық / қиындық туады (антоним).
Қуанышқа кенеледі - мәз болады, күлімсірейді, бақытты болады, қуанады (синоним); қамығады, күйінеді, назаланады, қайғырады, мұңданады (антоним).
Мұқтаждық- зәрулік, керек ету (синоним); жару, жетісу (антоним).
Дәрежесі жоғарылайды - тасы өрге домалайды, еңбегі жемісті болады, жақсы жұмыс істейді, дәрежесі көтеріледі, жұлдызы жанады (синоним); дәрежесі төмендейді, абыройынан айырылады, жұмысы нашарлайды (антоним).
Шығарма
Алмастай өткір сұңғыла жырлар.

Байлық- дәулет, игілік, қазына, молшылық, мүкәммал (синоним); жетімсіздік, жоқшылық, кедейшілік, қатшылық, тапшылық (антоним).