Определите вид ссп, объясните их образования, переведите. Придумайте аналогичные предложения.
Көктем келді, күн жылынды, жер көгерді. Найзағай жарқылдады да, күн күркіреді, Жаңбыр сіркіреп жауды және артынша жел соқты. Бұлт кетті, күн шықты. Жаңбыр басылды, бірақ жердің бәрі су. Далада күн суық, сондықтан Исламхан далаға шықпады. Ғалия ағылшын тіліндегі кейбір сөздерді түсінбейді, әйтсе де ағылшынша ептеп біледі. Күні-түні қардың жауғаны сондай, келесі күні қатты аяз болды. Қазір сағат оннан бес минут кетті немесе онға бес минут қалды. Қанат ән айтады, әрі гитарада ойнайды, әрі волейбол ойнайды. Саматтың тісі ауырды, сондықтан тіс дәрігеріне барды.
Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін өте маңызды. Мына кісінің есімі — Қуанышбек. Оның отбасы үлкен. Оның әкесі, шешесі бар. Қуанышбектің әйелінің аты - За¬гира. Олардың бір ұлы және екі қызы бар. Қуанышбек пен Загира үш баласына қамқор болып, жақсы шаңырақта тәрбиелеуге күш салады. Ол үшін ұлттық дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды балаларына үйретеді. Өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған. Қуанышбек отбасымен демалыс күндерін бірге өткізіп, саяжайда бақша егуге, саяхатка шығуға, машинамен қыдыруға құмар. Загира отбасымен бірге ұлттық тағамдар әзірлеуді, шет тілдерін үйренуді жақсы көреді. Бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дәстүрі қалыптасқан. Сенбі күні кешке балаларымен отбасылық сұхбат қүрып, кітап оқиды. Теледидар, радио арқылы жаңалықтармен танысады. Жақсы дәстүр - отбасының берік шаңыраққа айналуының тірегі.