В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
лиза2713
лиза2713
06.10.2022 22:38 •  Қазақ тiлi

Ораза қабыл болсын бәріне сәттілік

Показать ответ
Ответ:
5675566
5675566
30.06.2020 23:44
Татулық немесе бейбітшілік дегенде бірлігі жарасқан жандар мен ынтымағы биік, алауыздығы жоқ ел еске түседі. Қай ұлт, қай ел болса да бейбітшілік пен ашық аспанды, бақытты елдер қатарында болуды аңсайды. Қабан (Қабылиса) жырау:

– Бақыт қайда барасың?

– Көршімен болған бірлігі,

Тағат, ғибадат тірлігі

Ұйымшыл елге барамын,– деп жырлапты. Бүгінгі қазақ мемлекетінен тағат, ғибадатты табамыз, тәубе. Көршілерін былай қойғанда, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын бір үстелдің басына жинайтын да біздің мемлекет. Жаһандық маңызы бар Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­басшыларының IV съезі жақында өткелі тұр. Бұл Қазақ елінің мәртебесі десек, екінші жағынан, қазаққа берілген бақыт деуге болады. Себебі, өзіміздің бақытты, ынтымағы жарасқан, бейбіт ел екендігімізді екінші тараптан осылай көрсете аламыз.

Мақсаты кең, нәтижесі биік бұл съездің алдыңғы кездесулердегі ауқымды талқы­ланған мәселелері өз жемісін беріп жатыр деп білеміз. Бірақ, биылғы IV Съезге қойылған тақырыптың маңыздылығы да ерекше. «Бейбітшілік және келісім – адамзат таңдауы» тақырыбының қарастырар талқысы мол. «Тұрақты дамуға қол жеткізудегі дін лидерлерінің рөлі», «Дін және мультикультурализм», «Дін және әйел: рухани құндылықтар мен қазіргі заманғы сын-тегеуріндер», «Дін және жастар» атты төрт секциялық отырыс жоспарланған.

Біздерді қызықтырып, тапқырлықпен таңдалған бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі – жастар мәселесі. Қай елде болса да діннің алар орны ерекше. Әрі халық өзі ұстанған дініне мейлінше берік болуға тырысып, дін басшыларына ерекше орын берері хақ. Олай болса, жастарды тәрбиелеу мәселесінде діндер көшбасшыларының алар орны өзгеше. Астана төріне дін басшылары жәйдан-жай жиналмақ емес. Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайының көк шаңырағының астында ұйымшылдықпен талқыланатын өзекті мәселелер әр елдің игілігі үшін болмақ. Міне, осыны татулық пен бейбітшіліктің нышаны деуге әбден негіз бар. Бұл съездің Қазақстанда өтуінің өзі тек беделімізді ғана емес, ата-тарихымызға сай қонақжайлылығымызды да айғақтайды.

Ауқымы кең, айтары мол, талқыланатын тақырыбы терең құрылтайдың алдында «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде (№169-171, 20 сәуір 2012 ж.) басылым басшысы Сауытбек Абдрахмановтың Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы хазрет Әбсаттар қажы Дербісәлімен «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» атты сұхбаты жарияланған-тын. Оқып, ой түйіп, алған ерекше әсерімізбен бөлісу мақсатында қолға қалам алған едік.

Ғұламалардың «Тақырыпты дұрыс түсіну, оқығалы жатқан дүниенің жартысын түсінгенмен тең» дегеніндей, дінбасының сөзінен алынып, «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» деп аталған бұл мағынасы терең сұхбаттың тақырыбының өзі маңыздылығы мен терең ой қалдыратынын айқындап тұрғандай.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Mrsir2
Mrsir2
16.05.2020 00:56

Наурыз мерекесі қай заманда да өте ерекше әрі маңызды мейрамдардың бірі.Наурыз-көнеден келе жатқан мейрам.Қазақ халқы бұл мейрамды Әз -Наурыз мейрамы деп атайды.Бұл күні бүкіл табиғатқа ,тіршілік иесіне ,өсімдік, жан-жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады деседі.Наурыз -күн мен түннің теңелген күні.Бұл күнді халық  әр жыл сайын мереке , той -думан жасап өткізеді.Қаланың көшелерінде киіз үйлер қойылып, дастарқан жайылады.Дастарқанға әртүрлі қазақтың ұлттық тағамдары қойылады ет  асылып бауырсақ пісіріледі.Бірақ дастарқанның басты асы--Наурыз көже,Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады деген сенім бар.Алаңға алтыбақан құрылады, ән шырқалып би биленеді.Қазақ халқының әртүрлі ойындары ойналады.Бұл мерекені халқымыз неліктен ,,Ұлыстың Ұлы күні ,,деп атайды екен ?Бұл жөнінде мынадай аңыз бар .Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтыпты.Жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады.Сол себепті ,бұл күнді Ұлыстың Ұлы күні -деп жариялады.Міне ,аңыз бойынша қазақша Жаңа жыл мерекесін Ұлыстың Ұлы күні деп атаймыз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота