Орденбек Білісбекұлы Мазбаев (28 сәуір 1954, Үштөбе қаласы, Алматы облысы) — география ғылымдарының докторы (2010), профессор (2007). ҚазПИ-ді (1976, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Фабричный кентіндегі №1 мектепте мұғалім, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (1976-80), ҚазҰПУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент (1981-93), кафедра меңгерушісі (2001-10), Халықаралық оқушылар туризмі орталығының директоры (1993-97), ҚазҰУ-да доцент (1998-2001) қызметтерін атқарды. 2010 жылдан ҚазҰПУ-да декан және Тұран университетінің профессоры. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты - туризмнің педагогикалық және географиялық мәселелеріне арналған. Қазақстан Республикасы туризмнің аумақтық дамуының географиялық негіздері тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 260-тан астам ғылыми жариялымның авторы.