Орманда көңілді тиін өмір сүреді. Тиін бұтақтан бұтаққа секіреді. Бір кезде тиін ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап түседі. Қасқыр ашуланып, оны жегісі келеді. Тиін қасқырға жалынады: -Мені жеме, жіберші! Дос болайық,- дейді.
Қасқыр:
-Жарайды, жіберейін. Бірақ сен маған айтшы: сендер, тиіндер неге әрқашан көңілдісіңдер? Әрқашан секіресіңдер, ойнайсыңдар. Мен әрқашан ашуланамын.
Сонда тиін:
- Мен сенен қорқамын. Мені жіберші. Мен саған сонда айтамын, - дейді. Қасқыр тиінді жібереді. Тиін ағаштың басына шықты. Тиін бұтақтан бұтаққа қайта секірді. Сосын тиін былай дейді:
-Қасқыр, сен залымсың. Сен бәрін қорқытасың. Сенен барлық аң қорқады. Ешкіммен сөйлеспейсің. Сені ешкім жақсы көрмейді. Сондықтан әрқашан ашуланасың.
Біз, тиіндер, көңілдіміз. Біз залым емеспіз. Біз ешкімді қорқытпаймыз. Ешкімге жамандық жасамаймыз, біз – мейірімдіміз.
Қасқыр:
-Мен енді ешкімді қорқытпаймын.Тиін, саған сөз беремін! Залым болмаймын. Мейірімді боламын,- деді.
Сол күннен бастап қасқыр мейірімді болуға тырысып жүр. Қасқыр тиіннен ақыл сұрайды. Тиін қасқырға ақыл айтады. Дос болсаң, адал, мейірімді бол! Сен қандай доссың?
59-бет, 8 – тапсырма. Кестедегі ақпараттың мәтінге сәйкестігін тексер. Проверь соответствие информации с текстом
Дескриптор:
1. Ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтады. – Определил правильность и не правильность информации – 10
№ Ақпарат дұрыс Бұрыс
1 Орманда көңілді тиін өмір сүреді.
2 Қасқыр бұтақтан бұтаққа секіреді.
3 Тиін ұйықтап жатады.
4 Тиін ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап түседі.
5 Қасқыр ашуланады.
6 Тиін қасқырға жалынады.
7 Қасқыр тиінді жібереді.
8 Тиін залым
9 Тиін ешкімге залымдық жасамайды
10 Қасқыр мейірімді болуға тырысып жүр.
1дұрыс
2бұрыс
3дұрыс
4бұрыс
5дұрыс
6дұрыс
7дұрыс
8бұрыс
9дұрыс
10дұрыс