В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
nubjoper
nubjoper
03.10.2022 17:13 •  Қазақ тiлi

Орталық музейде кандай көне заттар бар​

Показать ответ
Ответ:
111122223
111122223
11.03.2021 14:31

Алтын адам, алтын, күміс, қылыш, мылтықтар, ыдыстар және т.б.

0,0(0 оценок)
Ответ:
InnaGlazova
InnaGlazova
11.03.2021 14:31

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы — Алматы қаласында орналасқан. Орталық Азиядағы байырғы, әрі ең ірі музейлердің бірі.

Объяснение:

1925 жылы Қазақ өлкелік Орталық мұражайы құрылды. 1929 жылы жаңа астана - Алматы қаласына көшіріліп, Жетісу губерниясында мұражайымен біріктіріліп, республикадағы іргелі мәдени ордаға айналды. 1944 жылдан казіргі атымен аталады. Алматы қаласындағы мұражайдың жаңа ғимараты 1985 жылы салынды. Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдар жинақталған. Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражайдың палеонтология залына хронологиялық мөлш. 570 млн. жыл бұрын кембрий кезеңінен бастау алып, голоцен деп аталатын бүгінгі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын жәдігерлік бұйымдар қойылған. Олар казірғі Қазақстан жерінде тіршілік еткен жан-жануарлар, өсімдіктер, тасқа айналған сүйек қалдықтарымен таныстырады. Мұражайдың археология қорындағы сирек кездесетін экспонаттар - ежелгі обалар мен көмбелер табылған қола, күміс, алтын бұйымдардың жасалу мәнері ерте дәуірдегі бабаларымыздың эстететикалық талғамын көрсетеді. Мұражайға 1939 жылы Алматы қаласынан 50 км батыста, Іле Алатауы бөктерінде орналасқан Қарғалы қонысынан табылған көмбе бұйымдары қойылған. Бұл "Қарғалы көмбесін" қазғанда б.з.б. 2 ғасыр,- б.з. 1 ғасырнда өмір сүрген абыз әйелдің мүрдесімен бірге көмілген ерекше әсем 370 әшекейлік бұйым шықты. Сондай-ақ, мұражайда 1988 жылы (Алматыдан 250 км шығыста) Кеген аңғарындағы Жалаулы а-нан ежелгі сақтардың байырғы мекенінен табылған жәдігерліктер бар. Мұражайда сақталған Қазақстанда б.з.б. 7-3 ғасырларда өмір сүрген ежелгі көшпелілердің тұрмыс салтындағы ғұрыптық ыдыс-аяқтардың жиынтығы - сақ қазандары ТМД аумағындағы ең бай коллекция болып саналды. Мұражайдың археологиялық қорында 11-15 ғасырлардағы Қазақстанның ежелгі қалаларының материалдық мәдениетінен нақты мәлімет беретін заттар, түркі жауынгерлерінің қару-жарақтары, Ұлы жібек жолы арқылы жеткен шет ел тауарлары мол. Қазақстан жерінен табылған көне түркі (5 - 8 ) руханиятына қатысты тас мүсіндер, балбал тастар, ескерткіштер, т.б. жиынтығы мұражай қорында сақтаулы. Мұнда Қазақстанның әр өңірінен жинақталған халқымыздың материалдық мөдениетінің ескерткіштері, түрлі шаруашылық және тұрмыстық бұйымдары, әшекейлер, ұлттық киім-кешектер, ыдыс-аяқтар, кілем, алаша, сырмақ, тұскиіз секілді этнографиялық мүліктер сақталған. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ зергерлерінің күмістен жасаған әшекейлік бұйымдары жинақталды. Мұражай қорында тері өндейтін зергерлердің көне төсілінен сыр шертегін шаруашьшық заттар (торсық, кесеқап, мес, жағлан), ат әбзелдері (ер-тұрман, жүген, өмілдірік, құйысқан, қамшылар), әйел және ерлер аяқ киім (етік, мәсі, кебіс) үлгілері бар. Киіз үй — көшпелілердің баспанасы болғандықтан мұражайда киіз үй және оның жабдықтары қойылған.Мұражай қорында Қазақстанның ежелгі тарихы мен елімізде өмір сүретін халықтардың тұрмыс-салтына қатысты суреттер, деректер, қол-жазбалар, шағатай, көне түркі, қазақ, араб, парсы, т.б. тілдердегі сирек кездесетін деректемелік материалдар көп. Құран, хадис, шежіре тәрізді көне жәдігерлер сақталған. 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдеріне қатысты фото-суретті құжаттар бар. Сондай-ақ, Қазақстан қылқалам шеберлерінің туындылары да бар. Мұражай қоры тәуелсіз Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысты жәдігерлер, ұлттық валюта үлгілері, жаңа марка түрлері, ғарышкерлер мен ғарыштану ғылымына қатысты тың материалдар, соңғы кездегі ұлттық қолөнер туындыларымен толықтырылған.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота