Ортна 3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріп айт. Бірге және бөлек жа-
1. Те
зылған сөздерге көңіл бөл.
Марқаның жағасы ерте кеуіп, ерте көктеді. Жауқазыны қарды
жарып шыға беретін тау бөктерінің былтырғыдан қалған күреңсесі
күлтеленіп, қаулай тебіндеп келе жатқан көкпен араласып, ала-
шабырланып жатыр. Тау ішінде көкжиек жақын болады. Тауда
тұрғанда аспан да аласа көрінеді. Сол көктемгі көкжиек - қоп-қою
жалқынды сағым іркіліп барып, әлгі көк күмбезімен көмкерілген.
Жазғытұрымның кірбіңсіз ашық аспаны мөлдіреп, көлде көрініс
беріп тұр. Кілкіген жұқалаң мұнар арасынан оқшау көрініп, мұнда-
мұндалап аппақ болып жататын Тарбағатай шың-құздарын ұзын-
нан-ұзақ созылған жіп-жіңішке ақ бұлт екіге бөліп, аспан тауына
ұқсайтын. Енді-енді бүршік атып, көктемнің шуағына алақанын
жая бастаған орман соңғы нөсерден жаңа ғана ес жиып бусанады.
Көктемгі ауада сарай ашар жағымды саумал иісі бар. Сымпылдай
ұшып келген бір топ шүрегей Марқакөлдің айдынын төсiмен тіл-
гілей қонды да, мамырлап жүзе жөнелді.
(О. Бөкей)
Сөйлемге грамматикалық (морфологиялық+синтаксистік) талдау.
1) Синтаксистік талдау:
Келе жатқан – баяндауыш (не істеген)
Кестелеп тігу – бастауыш (не?)
Адам (ның) – анықтауыш (кімнің?)
Бейнесін,тұлғасын – толықтауыш (несін?)
Халқымызда – толықтауыш (немізде?)
Бұрыннан – пысықтауыш (қашаннан?).
2) Морфологиялық талдау:
1.Адам – түбір сөз (зат есім).
2.Бейнесін
Бейне – түбірі (зат есім),+сі – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+н – табыс септігі жалғауы.
3.Тұлғасын
Тұлға – түбірі (зат есім),+сы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+н – табыс септігі жалғауы.
4.Кестелеп
Кестеле – түбірі (етістік),+п – көсемше жұрнағы.
5.Тігу
Тіг (к) – түбірі (етістік),+у – тұйық етістік жұрнағы.
6.Халқымызда
Хал(ы)қ – түбірі (зат есім),+ымыз – тәуелдік жалғауының І жағы,+да – жатыс септік жалғауы.
7.Бұрыннан
Бұрын – түбірі (үстеу),+нан – шығыс септік жалғауы.
8.Келе
Кел – түбірі (етістік),+е – көсемше жұрнағы.
9.Жатқан
Жат (жатыр) – түбірі (қалып етістігі),+қан – есімше жұрнағы.