Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Магина прият тыңдап, оның нені айт беретін 3 тірек сопі жасырып
3)
Астрономиялық бақылаулар
Ерте кездің өзінде-ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдар түнде жұлдыздарга,
күндіз күнге қарап жол таба білген. Астроновгиялық бақылаулар бүгінде халық
шаруашылыгынын катарына: уакытты өлшеу, дәл географиялық карталарды жасау,
тенізде, әуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады.
Дегенмен де бүгінде астрономіянь, мәні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн
жүйесінің ғаламшарларын зерттеу өзіміздің жерімізді жақсырақ білуге тудырады. Жер
айналасындағы ғарыш кеңістігі мен Жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің өзінде-
ақ адам қызметінің шеңберіне сніп отыр. Болашақта ғарышты ішеру а ң өмір
сүру ортасын кеңейтеді, экологиялық көкейтесті мәселелерді шешуді жетілдетеді.
Аспан денелерінің көрінбейтін сәулелерінің негізгі бөлігі Жер атмосферасына
жұтылады және Жердің бетіне жетпейді. Сондықтан да Жерден жүргізетін бақылауды
атмосферадан тыс кеңістіктен жүргізумен толықтыруға болады.
2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар:
1) Адамдар не себепті ерте замандарда жол табу үшін аспан денелеріне сүйенген?
2) Адамдар не себепті аспан әлемінің құпияларын зерттеуге асық болды?
3) Адамның тағдырын аспан денелерімен байланыстыру қаншалықты орынды?
4) Өзініз мәтіннен қандай ой түйдіңіз?
көмек
Әнші құм
Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.
«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.
Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.
Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.
Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.
Екінші нұсқа: жүйірік ат, алғыр бүркіт, қаққыр тазы, алмас кездік, қандыауыз қақпан,берен мылтық,майланғыш ау немесе қыл тұзақ.Қазақ радиосындағы «Мен -қазақпын!» бағдарламасының жұма күнгі сандарын осы жеті қазына ұғымына арнадық. Қазына саналған жеті затты жіктеп, жіліктеп көрейік дескенбіз. Дінтанушы Омар Жәлелұлы «ер жігіт еліне олжа салады» деген мақалға сүйене отырып, дәл сондай жігіттер халықтың қазынасы дейді. «Жеті қазынаның» бірінші нұсқасы халықтың қазынасы, екіншісі азаматтың қазынасы деп тұспалдадық. Ал, сұлу әйел мәселесіне келер болсақ, қазақ сұлу әйелден ақылды бала дүниеге келеді деп ойлайтын болса керек. Ақтамбердінің
Елден елді аралап,
Тектіден текті саралап,
Беглердің қызын айттырсам,
Нұсқасын байқап шамалап -
Сынға толса сияғы,
Әлбеті шамның шырағы,
Мұхиттан сүзіп шығарған
Қымбатты гауһар бағасы.
Жүз нарға кілем жаптырып,
Қазақтан сәнін арттырып,
Ұзатып алсам сәнменен,
Көңлімді хош таптырып!
Бала берсе тезінен, -
Пірлердің бітсе демінен,
Шілтеннің тиіп шылауы,
Артылып туса өзімнен!
Осындай берген дәулетті
Көтеріп түра алар ма екеміз?! –деуі содан шығар Ал, ілім-білім мен жылқының қазына болатыны онсыз да белгілі. Құмай тазыға келсек, бұл өзі жалпы ит атаулыға қатысты тәрізді. Құмай тазы саятшылықтың көркі әрине. Бірақ, иттің бойында қазақ ұнатқан екі қасиет бар екен. Олар–адалдық пен қанағатшылдық. Ит иесіне адал келеді. Әрі не берсең де қанағатшыл. Қыран бүркіт болса шынымен аңшылықтың сәні. Екіншіден қырандар маңғаз, таза келеді. Қазақтың кейбір мінезі сияқты. Мылтық болса бес қарудың бірі болған садақтың «баласы». Елдің қорғанысына қажет құрал. Қазына саналатыны содан дейді. Әрине, бұлардың жетеуін жеке-жеке талдауға болады. Радиодағы «Мен қазақпын!» бағдарламасында олардың әрқайсысын жеке талдадық. Бірақ,әзірге берен мылтық жөнінде сөз қозғап үлгермедік.Айтпақшы, біздің бір жазбамызға пікір жазған оқырман «Мен-қазақпын!» бағдарламасын Қазақ радиосының сайтына салып қоюды ұсынған екен, болашақта ол да жүзеге асар деген үмітіміз бар.Бірақ, әзірге осы блогтағыны қанағат етуге мәжбүрміз.Айыпқа бұйырмассыздар деп ойлаймын.