«Қорыю» сөзі – өте көне ұтым. Ол Киев Русінің тұсында аң аударуға қатаң тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. Қорых – үкіметтік қорғауында
болатын табиғи кешен, жер не су кеңістігі. Ол - сирек кездесетін тіршілік иелерін
сол қалпында сақтауға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың
негізгі міндеті қорғауға алынған ағзалардың гендік қорын сақтау және қалпына
келтіру. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорык -
қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар, табиғатты қорғау жə Etiндегi
мемлекеттік ғылыми мекеме. Мұңа саны сиреп бара жатқан жануарлар мен азайып
кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы
табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.
Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-
орын алады. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан
табиғаты үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау
қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы. выделить место имение
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге де болады. Ата - бабамыз " Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық ", - деп өсиет айтып келгені тегін емес.
Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: күн - ана, жер - ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тірішілік тоқтайды. Сондықтан адамзат Күнді, Жерді анадай ардақтайды. Күн -барлық тіршіліктің құдіретті тіргегі. Оның нұры - сәулесі, құдіретті күші - от.
Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Отты дана халқымыз қастерлеп, отты баспа , отпен ойнама , отқа түкірме деп ырым, тиым жасап, кесір-қырсықты отпен аластатып, отқа табынған. Отбасы, отағасы, отау деген сөзден отты қастерлеуден шыққан.
Ал жер-ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Қазақ халқы жер-ананы әулие тұтады. "Баптағанға - жер жомарт " , "Жері байдың - елі бай ", "Туған жер - алтын бесік " деп жер-ананы аялайды.
Жер - жаһамадағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет - су. Өмірге ең қымбат, ең қажетті болғандықтан, халық судың шығып жатқан жерін "әулие бұлақ " дейді. Халқымыздың суға байланысты қаншама даналық нақыл сөздері бар десеңізше: "Су бар жерде өмір бар " , " Сусыз өмір тұзсыз аспен тең ", "Өзің ішетін суға өлген ит тастама ".
Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе - ауа. "Ауа - өмір тынысы " дейді халық. Ең қымбатты, қажетті нәрсені "ауадай қажет " деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды.