Ос • Отарлау саясатының салдары қандай болды? Шығармадан мысал келтіріңдер. • Ел тағдырына байланысты қандай көкейкесті мәселелерді байқадыңдар? Шығармада Асанқайғы бейнесі жиі кездеседі. Себебін қалай түсіндіресіңдер? Хрестоматиядан толғауды толық оқып, мысал келтіріңдер. • Толғаудан Кіші жүздің жеріне төнген қауіпті байқаймыз. Осы кезеңде қазақ жерінің басқа да аймақтарындағы жағдай қалай болды деп ойлайсыңдар? Тарихқа көз жүгіртіңдер. • География пәнінен алған білімдеріңді пайдаланып, Қазақстанның батыс өңір- лерінің табиғи ерекшеліктерін анықтаңдар. Шығармада берілген сол жерлердің суреттелген тұстарын тауып оқыңдар.
Объяснение:
Отарлау саясаты жергілікті халықты тұралатып, қанаумен жүргізілетін, күшті державаның артта қалған ел мен халыққа аумақтық бақылау орнату саясаты әрі іс-әрекеті. Батыс еуропалық отарлау саясаты өзінің қалыптасу кезеңінде әлемдік экономиканың аса күшті даму тетігіне айналды, өйткені, отар елдер метрополияларда капиталдың жинақталуына және олардың тауарларын өткізуге қолайлы нарық туғызды. Сауданың бұрын-соңды болмаған кеңеюі нәтижесінде әлемдік нарық қалыптасты, ал, экономиканың қыз-қыз қайнауы Жерорта теңізінен Атлантикаға ойысты. Көптеген еуропалық портты қалалар (Лиссабон, Севилья, Лондон және т.б.) сауданың күшті орталықтарына айналды