Осы екі мәтіннің жанры,мақсаты,стилі,тілі қандай?
А мәтіні
Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда. Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға: «Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам, Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл – менің өз анам». Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға! Біз жалқыны мойындамай,ұта алмаймыз жалпыны. Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы, Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың. Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын, Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын. Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны. Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны. Ал ғаламдық ортақ тілсіз- Бірлік – гүлсіз, сенім – нұрсыз, Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны. Мұхтар Шақанов
Ә мәтіні
Кенже Зәмзебай Филология магистрі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мемлекеттік тіл мәртебесі... Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. «Тіл туралы» заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» - деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің не тұрып жатқан еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.
Он тоғызыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінде жыраулық поэзияны одан әрі дамытып, өзінің жарық жырлары арқылы жауынгерлік өлең үлгісін биік сатыға көтерген бірден-бір ақын – Махамбет Өтемісұлы. Ол 1830 жылдарда Қазақстанның батыс өлкесіндегі Исатай бастаған көтерілістің басшыларының бірі әрі басты насихатшысы болды. Исатай батырдың сенімді серігі, халықты оның төңірегіне топтастыра білген идеолог ретінде Махамбет ел билеушілеріне, олар арқылы отарлыққа қарсы батыл іс-әрекеттерге барды. Ақын өлеңдерінде көтерілістің мақсат-міндеттері де, себеп-салдары да айқын көрініс табады. Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім, - деп асқақ арманын білдірсе, оны орындау үшін бас кедергі хандар билігін жою сияқты тағы бір мақсат туындайтыны да Махамбет өлеңінің негізгі объектісіне айналады. Еңсесі биік ақ орда, Еріксіз кірсем деп едім Керегесін кескілеп, Орын етсем деп едім Туырлығын кескілеп, Тоқым етсем деп едім Тақта отырған хандардың Төрде отырған ханымын Қатын етсем деп едім, - деп мақсат тұғырын толғайтын жыр төгеді. Мұның бәрін жүзеге асыру үшін ерлердің алдында қандай міндет тұрғанын да Махамбет қағида түрінде қалыптастырып қадап айтқан: Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңқу-еңқу жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Тебінгі терге шірімей, Терлігі майға ерімей Алты малта ас болмай, Өзіңнен туған жас бала Сақалы шығып жат болмай, Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық шөл көрмей Өзі талып ет жемей Ер төсектей безінбей, Ұлы түске ұрынбай Түн қатып жүріп, түс қашпай, Тебінгі теріс тағынбай Темір қазық жастанбай Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?!! – деген жолдары тек батырларды ғана емес, өзінің бостандығы үшін қолына қару алып аттанған бүкіл халық алдындағы міндетін айқындап тұр. Махамбет өлеңдері – көтеріліс шежіресі, халық мұңының көрінісі. Махамбет тұлғасы азаттық жолындағы күрес басшыларының бірі ретінде азаматтық тарихымызда да, сөз өнерінің асқақ өкілі ретінде әдебиет тарихында да өзіне дейінгілерге де, кейінгілерге де ұқсамайтын қасиетімен ерекшеленеді.
Әр адамның қиялы, арманы әр түрлі емес пе?! Кей адамдар: "Алтын баслық ұстап алсам, анама ұзақ ғұмыр тілер едім" , - дейді. Ал кейбіреулері: "Бар әлемде жақсылық орын алса деймін" ,- деп армандап жатады. Бұның барлығы, әрине, дұрыс. Аналарымыз жүз жасап, әлемде жақсылық орын алса керемет қой! Бірақ, барлығы өз орнымен болады. Егер де мен ертегілер әлеміндегі алтын балықты ұстап алсам, өзі сияқты алтын балықтар көбейіп, көмекке зәру адамдардың қармағына түссе екен дер едім. Мәселен, қазіргі заманда өкінішке орай экология салдарынан кемтар сәбилеріміз дүниеге келіп жатыр.Бұл - ең өзекті мәселе.Сондай-ақ қандай да бір қиын жағдайға душар болған, көмекке мұқтаж жандардың, сырқаттанған сәбилеріміздің жағдайы оңалып кетсе нұр үстіне нұр болар еді.
Объяснение: