Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады. Біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды қалай сақтап жүрміз дейтін болсақ, өкінішке қарай, өте нашар сақтап жүрміз. Кеңес кезінде көптеген ұлттық құндылығымызды «ескінің қалдығы» деген сылтаумен көзін құртпақ болды. Сөйтіп ұлттың өзін жоюға тырысты. Егеменді ел болғаннан бері ұлтжанды азаматтар ұлттық құндылығымызды қалпына келтіруге ниеттенуде. Бірақ, биліктің ұлттық құндылықтарға деген немқұрайлылығы көп жағдайда кедергі келтіруде. «Нарықтық қатынас, әлемдік қауымдастыққа кірігу» деген сылтаумен ұлттық құндылыққа көңіл нашар бөлінуде. Қазір жалпы ұлттық мүддеге қарағанда, әркім өзінің жеке қара басын көбірек ойлайды. Материялдық құндылықтар алдыға шығып тұрған заманда ұлттық құндылықтар көп ескерілмей қалып жатыр. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі болып есептеледі. Оны әр ұлттың ұрпақтары сақтап, заманына қарай дамытып отырулары керек. Егер халық өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғалтып алса, ол халық – «ұлт» деп саналмайды. Сондықтан әр ұлт өздерінің ұлттық құндылықтарын сақтауға тырысады, әрі қорғайды. Қазақ халқы да өзінің ұлттық құндылықтарын сақтауы керек.
ҮНДЕСІМ (ҮНДЕСТІК) ЗАҢЫ — буын не сөзқұрамындағы дауысты, дауыссыздыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйыстырып, бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс. Ондай құбылыс туыстас тілдер тобына ғана тән. Үндестік заң дыбыстарды алдымен буынға (егер сөз бір буынды болса), содан кейін буындарды сөзге (егер сөз екі не көп буынды болса) біріктіреді. Үндестік заңы қазақ тілінің іргелі заңдылығы болғандықтан, оның ықпалы тілдегі дыбыстардың айтылымы мен естілімінде басым болады. Осы тұрғыдан дыбыстар төрт топқа бөлінеді: 1) жуан езулік әуез дәйекшесіз ([]) беріледі. Мысалы, ата, қызық, алыс, т.б.; 2) тік таяқша ([]) жіңішке езулік әуезді: мыс., әже, егін, бірлік, т.б.; 3) дөңгелекше () жуан еріндік әуезді: мыс., қол, бұрұм, орұн, т.б.; 4) тік таяқша мен дөңгелекше () жіңішке еріндік әуезді көрсетеді: мыс., күн, көлүк, түлкү. Буын не сөздің үндесім әуезі сол буын не сөз құрамындағы дыбыстардың жасалымы өзара үйлескен, естілімі өзара үндескен тіркесін құрайды. Дәстүрлі қазақ тілтанымындағы (түркологияда) фонетика ережеде Үндестік заңын дауыстылардың үндесуі деп түсіндіріп келсе, қазақ тілінде тек дауыстылар ғана үндеседі, ал дауыссыздар көрші дауыстының ықпалында болады делінген. Сонымен қатар дыбыстардың бір-біріне ықпалын да сингармонизм заңдылығына жатқызып келді. Дауыссыз дыбыстардың арасындағы ілгерінді ықпал бойынша (мысалы, әліпби-әліппи, құр қалу-құрғалу, көкбет-көкпет, т.б.) алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссыздың айтылымына (артикуляциясына) әсерін дауыссыздардың сингармонизмі деп атайды. Зерттеу нәтижесінде сөз құрамындағы дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып айтылуы сөз просодикасына байланыстылығын көрсетеді. Қазақ тілінің сөз просодикасы үндесім болғандықтан, ол сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарға бірдей тең ықпал етеді.