Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
МЕн өзімнің жазғы демалысымды өте жақсы(керемет) өткіздім,Мен әже мен атама бардым,Әжемнің жаныңда демалысым қызықты өтті,Мен достарымен балық аулауға бардым,футбол ойнадым,велосипед тептім,Жаз айы бойы атам бізді Алакөл өзеніне апарды,Өзеннің суы ащы және шипалық қасиеті бар,Жазда менің бойым бем сантиметрге өсті,МЕнің әжемнің үлкен бағымен бақшасы бар,МЕн әжеме бақша мен бағына (егініне)көмектестім,Бір күні біз тау баурайына барып ара омартасынан дәмді бал және сүт сатып алдық,Ауылдың аспаны-жұлдызды аспан,Мен аспанға қарап қызығып отырдым,Менің жазғы демалысым өзіме қатты ұнады!