ОСЫГАН МОНОЛОГ ЖАЗЫНДАРШЫ Казакстанның жер үсті суларынын ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100,5 км3; соның iшiнде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында калыптаскан, калган көлемi Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. А мәтіні Өзен ағынынын көлемі бойынша Қазақстан планетадагы сумен неғұрлым аз камтылған елдердің қатарына жатады. Қажеттi су тұтыну көлемі 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа есеппен жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көлемі 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларынын коры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейi 11,3% немесе 1,7 км3. Кайтымды сулардың көлемі 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды кұрамы сейiледi немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудын негiзгi көзі болып табылады.
Қазақ отбасында.
Дәстүрлі қазақ отбасында қариялар, яғни аталарымыз бен әжелеріміздің алар орны ерекше.
Аталарымыз - халықтың, отбасының ең сыйлы адамы. Ол отбасының, елдің бірлігін сақтайтын, халықтың болашағын байыптайтын, көпті көрген дана қария. Ал әжелеріміз болса, тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі.
Ал бізге жарық дүние сылйаған әкеміз бен анамызыдң алдындағы һмірлің перзенттік парызымыз туралы ешқашан ұмытуға болмайды.
Әке деген - біздің асқар тауымыз, қорғанымыз, панамыз және асыраушымыз. Бұл дүниеде, менің ойымша, адамның екі ең жақын адамы бар: бірі - Ана болса, екіншісі - Әкеміз. «Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаса керек. Себебі әке бала үшін, әсіресе ер бала үшін ең жақын дос, сырлас, әрі үлгі тұтар азамат.
Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол - анасы. «Ана» деген сөз үш – ақ әріптен ғана құралса да, бұл сөзде орасан зор құдірет пен үлкен мейірімділік бар. Себебі, анамыз бізге баға жетпес сый - өмір сыйлады. Халқымыз "Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген - бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті, мейірімді, ізетті болуға тәрбиелеп, бойымызға тек асыл қасиеттерді дарытуға тырысады. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өссек, ата – аналарымыздың бізге артқан үкілі үміттерін ақтап, жерге қаратпасақ, нұр үстіне нұр болар еді деп білемін!