В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
pozitivtv2905
pozitivtv2905
21.01.2020 22:18 •  Қазақ тiлi

Осыларша олу быздын де дастурымыз деген созге пыкыр​

Показать ответ
Ответ:
LUCOVERUS
LUCOVERUS
03.03.2020 02:51

Қасиеттері

Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі-түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы.Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.

Aңыз
Ежелгі Қытай жазбаларында мынадай бір аңыз бар: Кезекті бір шайқаста ғұндардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады. Қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып, атып-шауып тастайды. Ең аяғында жалғыз ер бала ғана қалады. «Ит қорлықпен өлсін» деген мақсатта дұшпандары оның аяқ-қолын шауып кетеді. Елсізде қалған баланы бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. Адам аяғы баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде бала өсіп, ер жетеді. Осы баладан қасқыр жүкті болып, он ұл тауыпты. Түркі халықтары осы он ұлдан тараған-мыс…
Тағы бір аңыз: «айдай сұлу бір ару бөлмесінде ұйықтап жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. Күн сәулесі кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. Түркілердің түпнегізі осы қыздан тараған»…

Сипаты
Қасқыр — қайсар, аса сақ, қу хайуан. Қайсарлығы — оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Ал аса сақ, аса қулығы әр түрлі әрекеттеріне байланысты айтылған. Бірде бір сұр қасқыр ауыл-үйдің арасына кіріп кетеді. Қиқулап қуа жөнелген топ алдында ғана келе жатқан қасқырдан демде көз жазады да қалады. Ары іздейді, бері іздейді, жоқ. Кейін артынан анықтап білсе, арлан қасқыр ауыл арасында тұрған электр желісінің бағанасын құшақтап, тікесінентік тұра қалған екен. Сұр бағана мен сұр қасқыр ешкімнің назарына да ілікпепті. Қасқырдың ақылдығына танданысқан топ, бастарын шайқаса тарқасыпты.
Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. Әлі де солай. Бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «Көксерек» фильмі. Мұнда қасқырдың адам үстемдігіне еш көнбейтіндігінің ең нанымды дәлелі Көксеректің баланы жарып кетуінен айқын көрініс табады. Бұл — қасқырдың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі.
Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
nasi
nasi
11.03.2023 15:47
Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. біздің дәуіріміздің хі-хііі ғасырларында арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. бозақ-қазіргі астанадан небәрі 15 шақырым жерде. қалашық х-хііі ғасырларда гүлденіп, жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. сондай-ақ бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. демек, елбасымыздың астана орнын арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз қазақстан жаңа да жас қала-астананың атын бүкіл әлемге паш етті. етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. халқымызда «басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. астана , көркейе түсті. айбынды астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен ң даңғыл жолына түсті. 1999 жылы юнеско-ның шешімімен астана «әлем қаласы» атағына ие болды. астана-сәулеті келіскен алып шаһар. бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-бәйтерек. тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. гүлденген астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. не деген махаббат сұрапыл, тәңірден берілген нұр, ақыл. астана қазақты ғаламға, танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп қ.әбілдақызы жырлағандай, астана-елбасының ғажайып ерлігі. жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер нұрсұлтан әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. әр елді астанасы-сол елдің төлқұжаты. «астанасына қарап елін таниды» деген елбасы сөзінде терең мән бар. нұрсұлтан әбішұлы «еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да сияқты өз тағдыры болады. олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. британдық «the sunday times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы нанғысыз. оны жүзеге асыру үшін қазақстан президенті нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. ендеше, аяулы астана - елбасының тарихи қолтаңбасы. «біз жаңа астананың негізін салдық. бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. бұл - біздің жол, қазақстан жолы», - дейді н.ә.назарбаев. сәулетті астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір елбасы бастаған нұрлы көш - қазақстанның тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. елбасы бізбен бірге. астанадай ғаламат қала қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота