от это 5класс- 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып,тапсырмаларды орында/ внимательно прочитай текст, выполни следующие задания (текст на стр. 88, 4-тапсырма) А) «Бұл әнді Ескендір Хасанғалиев айтқан кезде халық орнынан тұрып, бірге айтады» сөйлемді аудар. ( ) Б) «Ескендір Хасанғалиев Қазақстан Республикасының» сөйлемді толықтыр. ( ) В) Мәтіннен 7 етістікті тауып, орыс тіліне аударып жаз. ( )
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
«Атамекен» қандай ән?
«Атамекен» неге арналған ән?
«Атамекен» әнін орындаған кім?
«Атамекен» әнінің сөзін кім жазды? ( )
3-тапсырма. Берілген тақырыптың бірін таңдап, шағын диалог құр (7-8сөйлем)/
выбери одну из тем и составь небольшой диалог (7-8 предложений) ( )
1. «Ән-халықтың мұрасы»
2. «Мұхтар Мұқанұлы Мағауин »
3. «Шайтанкөл көлі»
Шыңғыс Айтматовтың бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәмиладан» бастап, әлемге танымал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты барлық шығармаларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қырғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді.
Жазушының өзі де қазақ ауылымен іргелес, қоныстас жерде туып-өскен. Әкесі Төреқұлды Тұрар Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп, Ташкентке оқуға түсірген. Кейін қырғыздың көрнекті қоғам қайраткері болған, 1938 жылы «халық жауы» ретінде атылып кеткен Төреқұл Айтматов Т. Рысқұловтың тікелей тәрбиесін көрген шәкірті болған. Мұхтар Әуезовті өмір бойы пір тұтып өткен жазушы жазып жатқан жаңа шығармасын Жуалы топырағынан бастамақ болған еді. Қазақстандағы БТА банктің құрметті президенті болып тағайындалған. Жазушының кандидатурасын жақында түркітілді елдердің мәдениет министрлерінің кеңесі (TÜRKSOY) түрік әлемінің атынан Нобель сыйлығына ұсынған-ды. және Ш. Айтматов түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін TÜRKSOY тағайындаған халықаралық көрнекті сыйлықтың тұңғыш лауреаты атанған.
2008 жыл Қырғызстанда Айтматов жылы болып жарияланғаны белгілі. Осы жылдың желтоқсан айының 12-де 80 жасқа толатын жазушының мерейтойы халықтық мереке ретінде тойланбақ еді. Жоғарыда айтқан TÜRKSOY сыйлығы осы 80 жылдық мерейтойына орай тапсырылмақ еді. Тағдыр оны кемеңгер жазушыға тірі көруді жазбапты.
2008 жылы маусымның 10 күні «Адамзаттың Айтматовы» атанған Айтматов 79 жасында Алманияның Нүрнберг қаласындағы ауруханада бүйрек ауруынан қайтыс болды. Жазушының мүрдесі маусымның 14 Бішкек 10 км маңындағы Чон-Таш (Шын-тас) ауылындағы «Ата-Бейіт» мемориалды-мұражай кешеніне қойылды. Сол күн Қырғызстанда ұлттық қайғылық деп жарияланды
Жастар киімі . “ Ағаш көркі - жапырақ , адам көркі - шүберек ” демекші , ертеден халқымыз киімінің сәнді әрі ыңғайлы болуын қалаған.Жыл өткен сайын киім үлгілері түрлене берген.Ал жастардың киімі қандай ? Сауда үйі , базарлардағы саудагерлердің айтуынша қазір жастар классикалық киімдерден гөрі спорттық киімдерді таңдайды екен.Жастарда көбінесе Батыстың , Кореяның киімдерін алуға сұраныс көп.Қысқа кию жараспайтындар да , ұзын киген ерсі болып тұратын да жастар бар . Менің ойымша , қандай киім болмасын ол алған адамға жарасымды әрі ыңғайлы болуы керек деп білемін .