Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
«Менің Қазақстаным»
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері,
Қазақстан – қазағымның туған елі.
Кен байтақ Қазақстандай жерде туған
Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Алматы бұл бұрынғы астанамыз,
Алатаудай тауы бар асқаралы.
Нұрсұлтандай арысты туған өлке
Бақыттың баршасы басталады.
Астана - бәйтеректің қаласындай,
Астана - бұл қазақтың панасындай.
Елге ғана осындай даласы бар
Астанадай жас қала жарасымды - ай!
Қазақстан - бұл біздің Отанымыз,
Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған
Біздің сірә, барма екен арманымыз?!
«Туған жерім»
Күн шуағы өзіңнен нұр береді,
Туған жерім сол нұрмен түрленеді.
Кең байтақ Егеменді туған жерім,
Елбасының еңбегімен гүлденеді.
Ақорда - Алашымның астанасы,
Бәйтерек - ең үлкен баспанасы.
Даласында Сарыарқаның самал ескен,
Мұның бәрі қазақтың байлығы екен.
Елбасына
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымыз да ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.