Отбасы туралы мақалдарды оқып шығыңыздар. Қазіргі уақытта мақалдардың қайсысы өзекті деп санайсыздар?
Жауаптарыңызды нақты мысалмен дәйектеп жазыңыздар.
• «Сіз», «біз» – деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
• Қарындасың – қарлығашың.
• Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
• Ата – баланың қорғаны.
• Ананы сыйламаған, ел қамын ойламаған.
• Ата – арым, ана – дәрім.
• Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
• Ердің анасы – елдің анасы.
• Бала – бауыр етің.
• Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры.
• Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
Астана - бас қала.
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.
Тіл туралы қанша жыл айтылып келеді. Құрмет деген әркімнің жүрегінен шығуы керек. Адам өзі талаптанбаса біреу зорлағаннан ешнәрсе шықпайды. Біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет. Сол ұлттың өкілдері мемлекеттік тіл деп қазақ тіліне құрметпен қарайды. Бұл олардың тек тілге емес елге құрметі.Ал, көп ұлттың татулығы бір халықтың екінші халыққа деген құрметінің нәтижесі. Біз қанша тіл білсек те көп болмайды, өзге тілді үйренуіміз сол халыққа деген құрметіміз. сонымен қатар ана тілімізді аяқ асты етпей құрметтеуіміз керек.