Алматының Абылай даңғылында орталық әмбебап дүкені бар. Бұл қаланың орталығында орналасқан. Мұнда балалардың ойыншықтарынан бастап ине-жіпке дейін сатады. Дүкені үш қабат, іші өте кең, төменгі қабаттан жоғары қабаттарға эскалатормен көтерілесіз. Заттар әр қабатта тәртіппен орналасқан. Мәселен: Бірінші қабатта спорт, электр, теледидар, радио, кино-сурет, күй табақтары және үй ішіне қажетті кілем, палас, кір жуғыш машина, тоңазытқыш, аяқ-табақ, т.б. заттар орналасқан. Екінші қабатта ерлерге арналған сырт, іш киімдер, аяқ киімдер сатады. Шұлықтар, галантерея, парфюмерия, сыйлықтарға арналған бұйымдар да осында. Үшінші қабаттың бәрі түгелдей әйелдерге ар-налған. Мұнда олардың іш, сырт, аяқ киімдері және түрлі маталар, дастарқан, орамалдар сатады. Орталық әмбебап дүкенінің сатушыларының көбі-қазақ тілін білетін, ұқыпты, сыпайы, елгезек адамдар. Егер сіз олардың қазақша: «Маған спорт костюмі, аяқ киім және электрон сағаты керек еді»,-десеңіз, олар: «Қазір бізде спорт костюмі мен аяқ киім болмай тұр, ал электрон сағаты бар. Алыңыз»,-деп жауап береді. «Маған мына жейде мен галстук ұнап тұр. Бағасы қанша?»-деп сұрасаңыз, олар бөгелместен: «Бәрін қосқанда 250 сом. Аласыз ба? Әкеліңіз орап берейін»,-деп елгезектік көрсетеді. Басқа бөлімдерге барып үстіңізге сырт киім таңдай бастасаңыз, олар: «Мына үлгі сізге жараспай тұр-» кең, қысқа, ұзын» деген сөздерді айтып қызмет көрсетеді. Орталық әмбебап дүкенінің бірінші қабатындағы кітап бөлімі маған өте ұнады. Мұнда орысша, қазақша, ұйғырша, түрікше, т.б. тілде жазылған кітаптар өте көп.
(1) Біздің отбасымыз ауылдық жерде тұратындықтан ит асырағанды жөн көреді.Мен дүние есігін ашқаннан бері аулада менімен бірге өскен, отбасымыздың кезекті "күзетшісі" – Саққұлақ болды.Бір білерім ол мен ес білгелі жанымда.Өте ақылды да сақ ит болды.Көп үрмейтін де.Оның сыртқы бейнесіне келсек,ол түгелімен қара түсті болды.Қара болғанымен,өте сүйкімді еді.Оны отбасымызбен жақсы көрдік.
(2) Қыстың бір күні ол үйге ақсақ күйде оралды.Сіңілім екеуміз үйден атып шықтық.Сөйтсе,иттің аяғын жеңіл көлік басып кетіпті.Атам Саққұлақты шөптің үстіне жатқызып,үстіне артылып қалған көрпелерді жауып жатыр екен.Не дегенмен қыс қой,күн суық.Бәріміз Саққұлақ үшін уайымдаған едік.
(3) Көп ұзамай сүйікті итіміз аяғының әсерінен мерт болған еді.Одан кейін екі итті асырадық.Бірақ ешқайсысы Саққұлақтың орнын баса алмаған еді.
Алматының Абылай даңғылында орталық әмбебап дүкені бар. Бұл қаланың орталығында орналасқан. Мұнда балалардың ойыншықтарынан бастап ине-жіпке дейін сатады.
Дүкені үш қабат, іші өте кең, төменгі қабаттан жоғары қабаттарға эскалатормен көтерілесіз. Заттар әр қабатта тәртіппен орналасқан. Мәселен:
Бірінші қабатта спорт, электр, теледидар, радио, кино-сурет, күй табақтары және үй ішіне қажетті кілем, палас, кір жуғыш машина, тоңазытқыш, аяқ-табақ, т.б. заттар орналасқан. Екінші қабатта ерлерге арналған сырт, іш киімдер, аяқ киімдер сатады. Шұлықтар, галантерея, парфюмерия, сыйлықтарға арналған бұйымдар да осында. Үшінші қабаттың бәрі түгелдей әйелдерге ар-налған. Мұнда олардың іш, сырт, аяқ киімдері және түрлі маталар, дастарқан, орамалдар сатады.
Орталық әмбебап дүкенінің сатушыларының көбі-қазақ тілін білетін, ұқыпты, сыпайы, елгезек адамдар.
Егер сіз олардың қазақша: «Маған спорт костюмі, аяқ киім және электрон сағаты керек еді»,-десеңіз, олар: «Қазір бізде спорт костюмі мен аяқ киім болмай тұр, ал электрон сағаты бар. Алыңыз»,-деп жауап береді. «Маған мына жейде мен галстук ұнап тұр. Бағасы қанша?»-деп сұрасаңыз, олар бөгелместен: «Бәрін қосқанда 250 сом. Аласыз ба? Әкеліңіз орап берейін»,-деп елгезектік көрсетеді.
Басқа бөлімдерге барып үстіңізге сырт киім таңдай бастасаңыз, олар: «Мына үлгі сізге жараспай тұр-» кең, қысқа, ұзын» деген сөздерді айтып қызмет көрсетеді.
Орталық әмбебап дүкенінің бірінші қабатындағы кітап бөлімі маған өте ұнады. Мұнда орысша, қазақша, ұйғырша, түрікше, т.б. тілде жазылған кітаптар өте көп.
Саққұлақ.
(1) Біздің отбасымыз ауылдық жерде тұратындықтан ит асырағанды жөн көреді.Мен дүние есігін ашқаннан бері аулада менімен бірге өскен, отбасымыздың кезекті "күзетшісі" – Саққұлақ болды.Бір білерім ол мен ес білгелі жанымда.Өте ақылды да сақ ит болды.Көп үрмейтін де.Оның сыртқы бейнесіне келсек,ол түгелімен қара түсті болды.Қара болғанымен,өте сүйкімді еді.Оны отбасымызбен жақсы көрдік.
(2) Қыстың бір күні ол үйге ақсақ күйде оралды.Сіңілім екеуміз үйден атып шықтық.Сөйтсе,иттің аяғын жеңіл көлік басып кетіпті.Атам Саққұлақты шөптің үстіне жатқызып,үстіне артылып қалған көрпелерді жауып жатыр екен.Не дегенмен қыс қой,күн суық.Бәріміз Саққұлақ үшін уайымдаған едік.
(3) Көп ұзамай сүйікті итіміз аяғының әсерінен мерт болған еді.Одан кейін екі итті асырадық.Бірақ ешқайсысы Саққұлақтың орнын баса алмаған еді.
(1) – оқиғаның басталуы
(2) – оқиғаның дамуы
(3) – оқиғаның аяқталуы.