В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
megamaximvax
megamaximvax
26.04.2023 13:35 •  Қазақ тiлi

« Отбасындағы бала тәрбиесінің бүгіні мен ертеңі" деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі 170-200 сөз ​

Показать ответ
Ответ:
отличник22878
отличник22878
21.05.2021 16:50

«Бала - бауыр етің» деген қазақта жақсы сөз бар. Дүние есігін ашқан әрбір сәби, бүлдіршін ата-анасының ғана көз қуанышы емес, ол елінің ертеңгі ту ұстар азаматы. Бұл үшін ата-ана, мектеп, қоғам жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне ерекше жауапкершілікпен мән берсе нұр үстіне нұр болар еді. Демек, баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеп, азамат ету - ата-анаға ортақ парыз. Дегенмен, «тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібітіп» дегендей, тоғыз ай, тоғыз күн көтерген перзенті үшін ана тәлімінің алатын орны ерекше.

Бала тәрбиесі ана құрсағында жатқан сәттен басталатындығын атам қазақ ертеде-ақ ескерген. Сөйтіп, ананың қабағына кірбің түсірмеуді ойлаған. Өйткені ана қуанса - іштегі бала да қуанып, қайғырса - бірге қайғырады деп білген. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы балаға ең әуелі анадан даритынына көздері жеткендіктен де сәбиін өмірге әкелетін келінінің жүріс-тұрысына, көңіл-күйі мен тамақтануына және демалысына аса мән беріп қараған. Сонымен қатар ана бойындағы мінез-құлқы мен денсаулығындағы ақаулар құрсақтағы балаға берілмесі үшін жаман әдеттерден арылуға, таза жүруге үндеген. Бұған жүкті әйелдің кештетіп суға ­бармауына, орамалсыз жүрмеуіне және т.б. көптеген тыйым сөздер негіз болды. Ал мұның астарында ұлттың ертеңі, дәстүрлі тәрбие мәйегі жатқаны анық.

Медицина ғылымына жүгінсек, ана құрсағындағы баланы төрт айынан бастап тәрбиелей беруге болады екен. Сол себепті бойына бала біткен ана жүріс-тұрысын түзеп, мінезін қалыптастырып, жаман қылықтардан арылып, денсаулығын қадағалап, сұлу табиғат көріністерін тамашалаумен қатар әсем ән мен күй тыңдап, алған әсерін жан күй тебіренісі арқылы іштегі нәрестеге жеткізе білуі тиіс. Өйткені ана қуанса іштегі бала да қуанады, қайғырса қайғырады. Ал дүниеге сәбиін әкелген әрбір ата-ана «баланы қайткенде тәуелсіз, бірегей, мақсатты және жинақы етіп тәрбиелеуге болады»? деген сұраққа жауап іздейтіні шындық. Бала тәрбиесі - ауыр да үздіксіз еңбек екенін бәріміз де білеміз. Балалардың жан дүниесі айнадай таза ғой. Сондықтан айналасындағылардың тигізер әсері оңынан болса құба-құп.

Баланың жақсы қасиеттерін, әрекеттерін көргенде кейде оны мақтау да артықтық етпейді. Өйткені бұндай жылы сөздерден кейін олар жақсылыққа ынталанады. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы «Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады» деген ұлы сөзі бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ.

Объяснение:

удачи сделай лучшим ответом

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота