Адамның өмірде өз орны бар, басқа тіршілік иелерінен ерекше жаратылыс. Өмірде қанша адам болса олар бір-біріне ұқсамайды, сырт пішінінде де, мінезінде де айырмашылық болады. Мінез дегеніміз адамның ішкі дүниесінің айнасы. Адамның бағасын беретін көрсеткіш. Мінезге қарап біз ол жақсы адам, немесе жаман адам деп айтамыз. Жақсы адам кім, ол сабырлы, салауатты, шыншыл, әдепті, әділетті адам. Ал, жаман адам керісінше, өтірікші, дөрекі, сөзінде тұрмайтын алаяқ адам.