ответь на вопросы по тексту Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Қоғам дамыған сайын киімдік стиль түрлері пайда болды, сән дами бастады.
Классикалық стильдегі киімдер қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы болады. Жоғары сапалы матадан тігіледі. Түстері қатты ашық емес және нәзік.
Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.
Романтикалық стиль – әдемілік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмысы кеңінен пайдаланылады. Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап дамытуда.
1. Сән деген не? Өз ойыңызды жазыңыз..
2. Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар ма?
3. Стильдің қандай түрлері бар?
4. Сізге қай стиль ұнайды? Неліктен?
5. Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер қай стильге жатады?
6. Спорттық стильдегі киімдердің ерекшелігі қандай?
Бауыр - туыстық атау. Дәстүрлі ортада бір әке-шешеден туған, жақын немере, туысқан адамдар бауыр деп аталады. Бір әкеден, бір анадан туған ағайынды адамдарды бірге туған бауыр, бірінен кейін бірі туған бір әкенің балаларын төте бауыр, бір әкеден туған, жастары үлкенді-кішілі адамдарды туған бауыр дейді. Бауырдың кішісі өзінен үлкенге арқа сүйеп еркелесе, үлкені жақсысына сүйініп, жаманына күйінеді, тілегін тілеп, ақыл-кеңес береді. Кейде немере, шөберелер, тіпті рулас адамдар да бірін-бірі бауыр дейді. Қазақтар жақыны қайтқанда «Ой бауырымдап» дауыс салып келеді. Бұл дәстүрлі қазақ қоғамында бауырдың өте үлкен мәнге ие екендігін білдірсе керек.
Ахмет Байтұрсыновқа хат.
Ассалаумуғаликүм қазақ елінің ақыны,ағартушысы,ғалымы,ұстазы,қоғам қайраткері,құрметті Ахмет Байтұрсынов мырза.Менің қазақ елімде,сіздей тарихи тұлғаның есімі ұмтылмай,оқу құралдары ретінде сіздің еңбектеріңізді оқитынымызды мақтан етемін.Жақында сіздің "Егіннің бастары"атты мысалыңызды сабақта өттік."Егіннің бастары"мысал өлеңінде адамға сабақ болар мәселе көтергенсіз.Бидай арқылы адам бойындағы қасиеттерді көрсетіп қана қоймай,жаман қасиетті сынай білгенсіз.Мысал өлеңді оқи отырып түсінгенім,адам бойында болатын тәкаппарлық мінездің жаман екендігі.Басын көтеріп айналаға менсінбей,қауызында бидайы жоқ болсада көкке қараған көк бидайдың адам бейнесімен салыстырып көрдім. Сіз айтқан сөзден астарлы түпкі ойыңызды түсіндім.Сіз оқушылардың дүниетанымын өзгертіп,адами қасиеттерді ашып көрсетіп,ізденіске,іскерлікке,танып білуге талпындырдыңыз.Сізге деген алғысым шексіз.Сіздей ұлы тұлғамен бір елде туғанымды мақтан етемін.