ОТВЕТ НУЖЕН ЗА 5 МИН ВС Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтанда) жаңа көпір бой көтерді.
Бұл туралы Ақорданың ба з қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді және велосипед инфрақұрылымын «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдіктері тұрғызды.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасына көпірдің саябақ аймағындағы жаяу жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайтынын баяндады.
«Егер көпірге жоғарыдан қарайтын болсақ, онда оның пішіні Атырау облысының нышаны болып табылатын балыққа ұқсайтынын көруге болады», – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Жаңа көпір Астана тұрғындары мен қонақтарына көп жылдар бойы қызмет ететін Атырау облысының лайықты сыйлығы болмақ.
«Астана тұрғындары осы нысандарды дайындауға қатысқан барлық өңірлерімізге ризашылық білдіруі керек. Астананы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышқа кенелуі керек», – дейді қала тұрғыны Әсима Әлжаппарқызы.
Велосипед жолдары «ақылды технологиялармен» жабдықталған. Онда арнайы үстелдер мен велосипед қоятын орын, Wi-Fi және телефон қуаттайтын құрылғылар орнатылған.
Тексеру соңында Атырау облысының филармония және концерт қызметкерлері ұйымдастырған ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында театрландырылған «Елдің жігері – Астанама» атты концерттік бағдарлама көрсетілді.
1. Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз.
2. Жаңа нысанның кем дегенде екі артықшылығын көрсетіңіз.
3. Жаңа нысан туралы сіздің пікіріңіз.
Қымбатты мама!
Бұл күнде сізге перзенттік махаббатымыз жүрек түпкірінде әрдайым тербетіп жүретін ең ізгі де ыстық сезімімізді білдіргіміз келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бес тал гүліңізді бір өзіңіз аялап, бізді жеткізсем деп талай күндеріңіз бен түндеріңізді күлкісіз де ұйқысыз өткізгеніңіздің қандайлық азап екенін алдымыз балалы болып, соңымыз сізге күйеу бала мен немере қуанышын сыйласақ деген ойда жүргенде жете түсінгендейміз. Содан да болар, жан-жаққа тарап кетсек те есіл-дертіміз өзіңіз жылытып отырған алтын ұямызда, «алтындарымның бірі келіп қалар ма екен», деп үлкен жолға үнемі көз тігіп жүретін өзіңізде. Торыққанда – ақылшымыз, жабыққанда – сағынышымыз, өзіңізсіз. Мынау өмір сіз арқылы қызық, мағыналы, қымбат. Құдай сізге алдағы кезде тек бақытты ғұмырын бергей.
Көптік жалғау:
Адамдар, дәрігерлер
Жіктік жалғау:
Жекеше түрі
I Мен адаммын, дәрігермін
II Сен адамсың, дәрігерсің
Сіз адамсыз, дәрігерсіз
III Ол адам, дәрігер
Көпше түрі
I Біз адамбыз, дәрігерміз
II Сендер адамсыңдар, дәрігерсіңдер
Сіздер адамсыздар, дәрігерсіздер
III Олар адамдар, дәрігерлер
Тәуелдік жалғау:
Жекеше түрі
I Менің адамым, дәрігерім
II Сенің адамың, дәрігерің
Сіздің адамыңыз, дәрігеріңіз
III Оның адамы, дәрігері
Көпше түрі
I Біздің адамдарымыз, дәрігерлеріміз
II Сендердің адамдарын, дәрігерлерін
Сіздердің адамдарыңыз, дәрігерлеріңіз
III Олардың адамдары, дәрігерлері
Септік жалғау :
Атау:адам, дәрігер
Ілік :адамның, дәрігердің
Барыс:адамға, дәрігерге
Табыс :адамды, дәрігерді
Жатыс:адамда, дәрігерде
Шығыс :адамнан, дәрігерден
Көмектес :адаммен, дәрігермен