Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмірсүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады. Өзінің саналы тіпті санасыз ғұмырында да адам әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен кез-келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды. Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілетерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады. Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайда, еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді. Көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен еңбектің нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбек. Дәл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас нысандағы еңбек те болады. Ескеріп өтетін бір жайт, еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пәніне кірмейді. Мұндай қатынастарға жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке еңбек қызметі және т.б. қызмет жатады. Мысалы, азамат жеке дербес еңбек қызметімен айналысып – заңды тұлғаны құрмастан дәріхана, дүкен, шаштараз және т.б. орындарды ашып қызметкер жалдамастан өзі өз дәріханасында, дүкенінде, шаштаразында жұмыс істесе. Жазушының, өнертапқыштың қоғамдық кооперациядан тыс жүзеге асырылатын еңбегі де еңбек құқығына жатпайды. Алайда, егер жазушының немесе ғалымның еңбегі журнал редакциясының немесе ғылыми мекеменің еңбек ұжымында еңбек шартының шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда бұл қатынастар еңбек құқығымен реттелетін еңбек қатынастарына айналады. Бірақ, Қарулы күштерде, ішкі істер органдарында, шекаралық әскерлерде, ішкі және сыртқы барлауда әскери міндетін өткеру еңбек құқығының пәніне жатпайды, олар әкімшілік құқықтың пәнін құрайды. Аталған орындардағы қызмет қарапайым жұмыс пен еңбек қатынастарының бірі шеңберінен шығып кетеді. Бұл қызмет мемлекеттік қорғаныс функциясын орындаумен байланысты. Жалпы алғанда, құқық адамдардың әр түрлі қоғамдық қатынастардағы жүріс-тұрыстарын реттейтін, яғни, тәртіптейді, қалыпқа келтіреді, нормаларға сейкестендіреді. Еңбек құқығы атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық қатынастарды, яғни, еңбек қатынастарын (еңбек үрдісінде туындайтын қатынастарды) және еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді. Ұзақ уақыт бойы оқу әдебиеттерінде еңбек қөұқығы саласының қағидалары өте қарапайым тұрғыда түсіндірілді. Оларды ең алдымен, ҚР Еңбек туралы заңдар кодексінің 2-бабының мазмұнымен байланыстырды, бұл бапта қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған болатын. Алайда, қағидалардыеңбек құқығының бір субъектісі – қызметкердің ғана құқықтары мен міндеттерімен байланыстыруға болмайды. Қағидалардың мазмұны бұған қарағанда әлдеқайда кеңірек, себебі, олар өздерінің реттеушілік әсерімен еңбек құқығының барлық субъектілерін (қызметкерлерді, жұмыс берушілерді, еңбек ұжымдарын және олардың өкілдік органдарын) қамтиды. Қағидалар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін жариялап қана қоймауы тиіс, сонымен қатар, олардың шын мәнінде жүзеге асырылуын да қамтамасыз етуі қажет.
Қазақ ертегілері- қиял ғажайып оқиғалардан құралады. Осы арқылы қазақтардың ойларының ұшқыр,терең екенін байқаймыз. Ол қиял ғажайып ертегілердің жас ұрпаққа беретін жақсы тәрбиесі көп. Мысалы, ол ертегілерде кейіпкерлер екіге бөлінеді. Біреулері жақсы,жағымды кейіпкерлер. Олар бізді жақсылыққа тәрбиелейді, біртүрлі, оғаш қылықтар жасамайды. Екіншісі жаман яғни жағымсыз кейіпкерлер. Олардың қылықтары, ойларының бәрі жамандықта. Әйтеуір, жамандық жасауды ғана ойлайды. Осы арқылы жамандықтан болашақ ұрпақтарды, кішкентай балаларды алшақтатады. Ертегідерде жағымды кейіпкерлер ретінде: батырларды, жағымсыз кейіпкерлер ретінде:мыстан,жалмауыз кемпір, айдаһар, т.б ларды алады. Ертөстік ертегісінде Ертөстік батыр, оның анасы, әкесі, Кенжекей мен Таусоғар, Көлтаусар, Желаяқ жағымды кейіпкерлер.Ал Айдаһар патша мен оның қызы,жалмауыз кемпір, оның ұлы жағымсыз кейіпкерлердің рөлін сомдайды. Мысалы: осы ертегіде Ертөстік батыр туылғанынан тез өсті. Батырлық қасиет бойында туа біте пайда болды. Кенжекей өте сұлу, ақылы көркіне сай қыз. Алжерасты патшасы өте жаман, қатал, қорқынышты. Осы ертегі сюжеті бойынша үлкеен Самұрық деген құс ұя салған бәйтерек деген ағаш болады. Бұл ертегіні өте қызық қиял ғажайып ертегілерінің бірі десек те болады!
Көмектесе алсам, лайкпен бағалаңыздаршы. Мен үшін өте маңызды!