В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
алексей750
алексей750
28.06.2020 06:36 •  Қазақ тiлi

Отырды әйел еміреніп, емізіп тұңғыш ұлын, естігендей жалқы үнін жыл құсының, аймалайды елжіреп балапанын ұмыттырған талайғы мұңды сырын, сезіндірген аналық бақытты алғаш еріндерін қызықтап тұңғышының. Бұл бақытты қашан ол аңсағалы... Аңсағалы, көз жасын тамсағалы. Кімге барып не дейді, құдайым-ау, “Балам жоқ!” деп қай жұртқа жар салады. Жан болғанмен байсалды, шыдамға бай, көңіл көгін шалмасын мұнар қалай: артықтықтан туғандай кейбір әйел жат қайғысын жүрмейді ұрандамай; тырнағына тұрмайтын біреулері кісімсініп қарайды бұған қарай. “Байғұс” дейді мүсіркеп біреулері... онысыз да оның көңілі жүдеулі еді. Соның бәрі сылып ап тастайтындай алаулаған шырайды гүл өңдегі. Сонда ызадан булығып тұншығатын, тұншығатын, жарынан қымсынатын. “Соқыр болсын бір перзент таппадым...- деп күйінетін,- бүйткенше құрысын атым”... Болмаса да сырт көзге қорынар түк, ана сәби аңсайды өңі балқып. Бала көрмей өтудің күйігінен әйел үшін қайғылы өлім артық. Сәби келді талайғы армандаған: ұмыт болып қайғылы таңдар қараң. Шаттығы да келеді мұң-қайғының қанша нәлет айтса да жалғанға Адам. Бақыттылық! Отыр еді көзінде жақұт тұнып – “Соғыс!” деген бір сөзден есеңгіреп зәресі ұшты орнынан атып тұрып. Фариза Оңғарсынова 1.Өлеңнің басты тақырыбы не деп ойлайсыңдар?Многострочный текст.

( : 1)

2.Ақын өлеңінде қандай мәселені сөз етіп отыр?Многострочный текст.

( : 2)

3.Ақын соғыс басталғанға дейінгі сәт пен "соғыс" деген сөзді естігеннен кейінгі уақытты қалай суреттейді?Многострочный текст.

( : 2)

4.Өлеңнен тұрақты тіркестерді тауып, мағынасын түсіндірМногострочный текст.

( : 2)

Показать ответ
Ответ:
ekaterina123sve
ekaterina123sve
15.11.2021 18:25

Объяснение:

«ЕХРО»  – дүниежүзілік көрмелер, онда дүниежүзінің елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі және өнердегі жетістіктерін көрсетеді.Халықаралық Көрмелер Бюросы Париж қаласында 1928 жылғы 22 қарашада қол қойылған Халықаралық көрмелер Конвенциясының басшылығы мен өтінімдерін қамтамасыз ету үшін құрылды.EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды. 2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді. Кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынады. Көрме аймағында ұлттық павильон, тақырыптық және корпоративтік павильондар, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінің жалпы ауданы – 174 гектар. Нысандарды пайдалану үшін энергия үнемдеу технологиялары қолданылатын болады. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
Mirano2004
Mirano2004
16.04.2023 12:52

Қазақтың өнері әрқашанда жадымызда.Музыка, ақындық, күйші жағынан болсын. Өнер еш ұмытылмайды.Ұрпақтан ұрпаққа қалады.Жалғасады. Атақты күйшілер мен әншілер әлі күнге дейін есімізде. Сол сияқты ешқашан ұмытылмайды. Көптеген ақын-жыраулар бізге асыл мұраларын тастап кетті. Біз оны оқып, еліміздің тарихын білгенін қалады.Ол кезде ешкім жазуды не оқуды білмеді.Сол себепті өлең арқылы ауызба ауыз таралып айтылып жүрді. Ата-бабамыз бізге осынауларды асыл мұра етіп тастап кетті.Бізде оны келесі ұрпаққа өшпес мұра ретінде береміз.

Объяснение:

Осы көмектесті деп ойлаймын

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота