Қожа бейнесінен қандай әсер алдыңыз?" тақырыбында "ПОПС" формуласы арқылы өз ойыңды жазбаша жеткіз. ( Сенің ойыңша, Қожа қандай кейіпкер, саған ұнады ма, несімен, шығармадан мысал келтіруге болады т.с.с сол туралы өз ойыңды жинақтап жазу керек)
Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды
Нұрмағамбетов ТынымбайЛитература10.06.1945, Қызылорда обл.Жазушы, киносценарист, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері«Қауын иісі» – ауыл тыныс-тіршілігінің кең полотносын жасаған әңгімелер жинағы. Онда ауыл адамдарының болмысы мен тағдыры дәуір тынысымен диалектикалық байланыста беріледі. Жазушы әңгімелерінде қазақы дүниетаным мен жаңа қоғамдық қатынас арасындағы қайшылықтар, ауыл адамдарының психологиясындағы, іс-әрекетіндегі заманауи өзгерістер жан-жақты, алуан қырынан көрсетіледі. Алғашқы әңгіме-повестерінде кеңестік саясат, кейінгі әңгімелерінде жаһандану әкелген келеңсіздіктердің ұлттық құндылықтарға тигізген зиян-залалы шыншылдықпен көсетіледі. Қаламгер шығармалары нәзік лиризммен бірге жеңіл юмормен, кейде ащы сарказммен көмкеріліп отырады. Сондай-ақ ол ара-тұра әлемдік әдебиеттегі модернистік бағыттарға тән көркемдік тәсілдерді да қолданады.