Озоглавьте текст (на казахском) Мәтінді тыңда. Түсініп оқы. Тақырып қой.
Сарин Қалқаман Айымғазыұлы 1978 жылдың
2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауда-
НЬ Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мек-
тепті, 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университетінің тарих факультетін бітірген.
Еңбек жолын мұғалім болудан бастаған. 1998 жылдан
2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық музыка академиясында
оқытушы болып қызмет атқарған.
Қ. Сарин халықаралық, республикалық жыр-
мүшәйралардың жүлдегері, Халықаралық «Шабыт»
фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. «Дарын»
Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Ол – Қазақстан Республикасы Жа-
зушылар Одағының мүшесі, «Арманымның бейнесі» атты жыр жинағының авторы.
«Жібек сезім - жүрек сөзім» деп аталатын үнта шығарған. Ел ішіне кеңінен
ганылған «Қызыма», «Күзгі бақ», «Жібек сезім» және т.б. әндердің мәтінін жазған.
Қосымшаның түрлері.
Қазақ тілінде қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын – ойыншық, оқу - шы, бала - лы, орын - дық, сыр - мақ т.б.
Ал сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға, дәптер – дәптерді, көше – көшеде.
Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар:
1. Септік жалғау;
2. Көптік жалғау;
3. Тәуелдiк жалғау;
4. Жіктік жалғау.
Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы - шы”, “біл - ім”, “жасы - қ”, “таға - ла”;
2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г) - ірек”, “сары - лау”, “сары - рақ”, “жаз - ып”, “жаз - ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет - ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас - шы”, “басшы - лық”, “ұйы - м”, “ұйым – дас – тыр – у – шы”).
Достық (жұрнақ) Адамдардың достығы әдетте жыл өткен сайын беки түседі.
Досым (жалғау) Менің досымның есімі - Арнұр.