В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
covavector1
covavector1
19.08.2021 16:42 •  Қазақ тiлi

. «Қозы Кереш – Баян сұлу» -диалог ​

Показать ответ
Ответ:
GucciGang007
GucciGang007
27.11.2021 01:38
Сен мемлекеттік тілде сөйлей аласың ба?
Ия, аздап сөйлей аламын.
Мемлекеттік тіл дегеніміз қай тіл?
Елімізде мемлекеттік тіл қазақ тілі.
Мемлекеттік тілді жақсы білу керек қой.
Ия, жақсы білу үшін ерінбей үйрену керек, мен қосымша сабақтарға барып жүрмін.
Қосымша сабақ қалай өтеді, үйге тапсырма береді ме?
Қосымша сабақ сұрақ, жауап түрінде өтеді, үйге аудару үшін тапсырма береді. Кейбір сөздерді түсіну қиын, сондықтан аудару да қиын.
Түсіну қиын болса, түсінбеген сабақты орындау мүмкін емес қой, ия?
Ия, оның рас, кейде орындай алмаймын.
Онда мұғалімді сабақта зейін қойып тыңдау керек, шағын мақалаларды оқып үйрен.
Мен үйде солай оқып үйренемін, шығарма жазамын. Мәтінді оқып, мазмұнын анама айтып беремін.
Жақсы, онда саған сәттілік тілеймін
Рахмет.
0,0(0 оценок)
Ответ:
crazy660
crazy660
10.05.2020 12:08
Жіктеу есімдігінің және бір ерекшелігі – бастауыштық жақтық мағынасына қарамастан жіктеу есімдігі болған баяндауыш сол баяндауыштың жақтық мағынасына қарай жалғанады. Мысалы, оқушы менмін, оқушы сенсің, оқушы сізсіз дегенде бастауыш ІІІ жақта, баяндауыштар І, ІІ жақта тұр. Сонымен қатар І, ІІ жақта ерекше жағдайда болмаса, жіктеу есімдіктері тәуелденбейді, ІІІ жақ жіктеу есімдігі тәуелдене береді (ол — өнім, оның, оныңыз, онысы).

Жіктеу есімдіктерінің септелуінде де ерекшелік бар. Яғни сіз және жіктеу есімдігінің көпше түрі басқа есім сөз топтары секілді септелсе, жеке түрі мына үлгіде септеледі:

А. Мен, сен, ол Ш. Менен, сенен, одан

І. Менің, сенің, оның Ж. менде, сен,де, онда

Б. Маған, саған, оған К. Менімен, сенімен, онымен

Т. Мені, сені, оны

Сонымен қатар, жіктеу есімдіктерінің синтаксистік қызметі ерекшелігінде, олар өздігінен атау түрінде пысықтауыш қызметін атқара алмағаны болмаса, барлық сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы: Мен сені көргенде, одан қатты қысылдым. Бұл сөйлемде жіктеу есімдіктері бастауыш толықтауыш болып отыр. Сол сықылды жіктеу есімдіктері атау формасында тұрып анықтауыш болу әдеттегі жағдай. Ол одан кеше келген. Қай? – ол.

Септеу үлгісіндегі екінші ерекшелік – барыс септігінде “н” дыбысының пайда болуы. Барыс септік жалғауының түрлері мен даму жүйесі жайлы көптеген пікірлер кездеседі. Бұл пікірлерді жүйелей келгенде, негізінен үш салаға топтауға болады.

а) Барыс септік жалғауы басында -ғару болған да, кейіннен -ғар формасына түсіп, одан -ған түріне ауысады. Сонда -ғару > -ғар > -ған болып қалыптасқан.

ә) Барыс септік жалғауының соңғы “н” дыбысын ингредиент деп тану. Бұл негізінде оғар > оға > оған дегенге тура келеді.

б) Шалғай метотезис арқылы “н” және “ғ” дыбыстарының орын алмасуы, яғни онға > оған болып қалыптасуы.

Бұл пікірлердің қай-қайсысы болса да айтушы үшін орынды да, белгілі дәрежеде тілдік фактілерге арқа сүйей айтылған пікірлер болып саналады. Бірақ оның өзінде де “н” дыбысын ингредиент деп тану немесе шалғай метотезис деп қарау ыңғайсыз сияқты болып көрінеді. Өйткені ингредиент деп танылатын мен, сен, ол сөздерінің соңындағы “н” өзінің шығу тегі, белгілі бір ізі бар морфема болып саналады. Ал -ған дегендегі “н” мүлде басқаша.

Екінші, қазақ тіліндегі метотезис — әдетте көрші екі дыбыстың орындары ауысып (түпкір//түкпір т.б.) қолданылуында ғана кездесетін заңдылық. Мұнда ешбір көнелік не жаңалық дегендей, немесе мағыналық ерекшелік дегендей із қуалай сырын ашатын өзіндік белгілер де, ерекшеліктер де жоқ. Бұл тек айту дағдысында кездесетін бірлі-жарым алшақтықтар болып танылады.

Үшінші, -ғар ерте кезде -ғару формасынан қысқарған деген пікірде екі түрлі жағдай бар:

-ғар қосымшасын -ғару формасынан қысқарды деу;

-ған қосымшасын -ғар қосымшасынан пайда болды деу.

Бұл екі пікірдің алдыңғысын толық мақұлдауға болады. Өйткені -ғару > -ғар ізі ескі қолжазба ескерткіштерден бастап бүгінгі түрік туыстас тілдердің қазіргі айтылу нормасынан да көптеп кездесетін дағдының бірі боп саналады. Ал соңғы пікір біраз ойлануды қажет етеді. Өйткені, ең алдымен, қазақ тілінде, тіпті жалпы түрік туыстас тілдерде де “р” дыбысының “н” дыбысына ауысу дағдысы жоқ. Екіншіден, “р” дыбысының орнына “н” дыбысын қолданудың соншалық қажет болатындай тұрақты себебі де жоқ. Сол себепті -ған қосымшасын -ғар қосымшасынан шықты деген пікір әлі де болса анықтай түсуді қажет етеді.

Біздің ойымызша, барыс септігінің -ған формасы -ғар формасынан шықпаса керек. Бұл формаларды тілдің даму үдерісінің белгілі бір кезеңінде бірқатар пайда болып, күні бүгінге дейін қатар өмір сүріп келе жатқан формалар деп қараған жөн. Бұлай деп айтуымызға осы екі формадан жеке-жеке салаға бөліне өрбіп тараған көптеген қысқарған формалардың -ғар -ңар -ңа // -ңә // -ңе және -ған -ға // -га // -гә // -ге сияқты формалардың бар екені берік тиянақ бола алады.

Септеу үлгісіндегі үшінші бір ерекшелік — көмектес септігінде “ы”, “і” дыбыстарының пайда болуы. Бұл көмектес септігінің тұлғалық құрамы ме-ні-мен деген сияқты жеке бөлшектерден тұрады. Сонда ме деген — түбір морфема да, -ні деген бір кездері дербес мағыналы сөз болған нәң (“вещ”) дегеннен шыққан -нің морфемасының фонетикалық өзгеріске түсе ықшамдалу дәрежесінің бір көрінісі болып табылады. Ал соңғы -мен тұлғасы – көмектес септік жалғауы. Бұл тұлға – ертеде толық мағыналы шылау сөздерден мынан//менен ман//мен деген сияқты жолдармен пайда болған қосымша.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота