Шет тілі олардың бірі ағылшын тілі - кеңінен тараған, ең танымал тілдердің қатарына кіреді. Шет тілін қазіргі заманда екінің бірі біледі. Өйткені бұл ғасыр шет тілін қажет етеді. Себебі жердің басым бөлігі долларды көп қолданады. Шет тілін меңгеру мен үшін баста қиындыққа әкеліп соққан жоқ. Өйткені біз алғаш шет тілі сабағын өтіп, әріптерді тани бастағанда мен оларды білетін едім. Бұл прогресске себеп танымал "GTA Vice city" ойынында бір неше кодтарды жаттап қолданып жүретін едім. Ол кодтар әрине, шет тілінде жазылған.
АҚҚУ - қорғауға алынған, мойыны ұзын, сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді-кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасында салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.