Пайдалы қазбалардың өңдіру бұл бағалы құралбөлікті салыстырмалы таза күйінде немесе тағы өнделетін тау-кен массасы қатты күйінде пайдалы қазбаларды өндіру әдістерін төменгі бөлігіне жаз. если правильно я сделаю лучшый ответ
Туған жер туралы көп жазады. Мен де өз туған жерім туралы жазғым келеді. Ата- ана баласын сұлу, ақылды, жақсы немесе жаман деп бөлмейді жақсы көреді ғой. Сол сияқты туған жерді адам өзі таңдап алмайды, қай жерде оның кіндік қаны тамды, сол жер оның туған жері. Ол оған қандай да болса ыстық. Туған жерінен шет жүрсе сағынады. Ол қандай әсем, табиғаты көркем жерде жүрсе де, өзінің шаңы шыққан, күні шыжыған, шаңы бораған болса да туған жерін бәріне айырбастамайды. Өйткені ол туған жер. Менің туған жерім.
Бірнеше күннен бері ауа-райы жауынды болып тұр. Табиғаттың әр жылдары қилы мінез танытатыны өзіне ғана тән дүние. Шығыс өңірінде биыл қар қалың болды, есесіне жауын да көп. Елге тұтқиылдан шабуыл жасаған дағдарыс уақытында табиғат-анадан сыбағамызды да алдық. Жалпы қара халық қой басынан өткеретін. Үлкен кісілер «өзіңде жоқ болса да,елде болсын» деп жатады. Не көрсек те, «көппен», «елмен» көрген жақсы. …Бүгін таңертең үйден шықсам, тағы жауын себезгілеп тұр екен. Сыртқа жиналып жатқанда сіңлім «машинамен жүрмін ғой, үстің су болады,менің қолшатырымды ал» деген. Бір қызығы, 3 сынып оқыған кезде әкем құлпынайдың суреті бар кіп-кішкене қолшатыр сатып алып берген, одан кейін қолданған емеспін. Жылы жауынның астында малмандай су болсам да, салқын өтсе де… қолшатырсызбын. Жауынды жақсы көретіндігімнен шығар. Аялдамаға қарай тез-тез қадам басып келе жатырмын. Кешеден бері томсырайып тұрған бұлтты аспан төгіп-ақ жатыр. Ал іште… белгісіз бір жанталас, тоқтаусыз аққан ағын судай, менімен арпалысып келеді… Не ойлап келе жатқанымды өзім де білмеймін… өткінші жауындай жалған әсер ме…? Ақын Қалқаман Сариннің жаңбыр туралы бір өлеңіндегі «Жаушы, жаңбыр,жауа түс,жаушы,жаңбыр, Періштелер қондырған қанатымен, О, құдірет! Тамып тұр тамшыдан нұр!… деген жолдарын есіме алдым.Рас,нұр болып жауған мына тамшылар жүрек түбіне мәңгілік сіңеді ғой. Осыдан кейін біртүрлі көңілім көтерілді. Анығында, жақсы ой жинақтап, аузыңнан шыққан әр сөзге мән беріп сөйлей білсең, әр дұрыс сөз алдыңнан жақсылық әкелері хақ.