1. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін баяндау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?
Жазғы демалыс.
Биыл жазғы демалысым басталысымен мен жылдағы әдетім бойынша атам мен әжемнің қасына ауылға кеттім. Жаздыгүні ауыл ерекше ғой, шіркін. Таңертең ерте тұрып, атама малдарды өріске жіберуге көмектесемін. Қазір әжеме көмектесетін жеңгем бар. Жеңгем ерте тұрып барлығымызға таңғы ас әзірлейді. Үйдің еркесі болғандықтан күні бойы балалармен доп қуып, көлге түсіп, бүлдірген теріп жейміз. Тек кешке ғана ойыннан қолым босап, үйге қайтамын. Ауылда демалған маған өте ұнайды!
2. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?
Ұшақ.
Ұшақ - көгілдір аспан көлігі. Бүгінгі күні ұшақтың бірнеше түрлері бар: алыс қашықтыққа ұшатын, жақын қашықтыққа ұшатын, жолаушылар ұшағы, әскери ұшақ, жүк тасымалдайтын ұшақ т.б.
Ұшақтың басқа көлік түрлерінен айырмашылығы мен артықшылығы - бір жерден екінші жерге өте тез уақыт ішінде жеткізу.
3. Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?
Қайың.
Қайың - пайдалы ағаш. Өйткені, қайыңнан түрлі жиһаздар жасалады. Оның майымен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді.
Мәтін түрлері