В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Nazar21793
Nazar21793
03.07.2022 19:05 •  Қазақ тiлi

Переведите мне текст на язык. 20 әр жерін шұқып , тырнап көреді. динамитпен қоғарып, "тау кеудесін" тыңдайды. дәрігерлердің қан алғаны сияқты тау қойнынан белгілер алып, зерттейді. сонан кейін керек болған жерде жалаңдаған аспаптармен тауға "операция жасайды" . таудың қарнын тесіп, ішін ақтарып, талдайды. ақыры таудың тіршілігін толық анықтайды, тәжірибе жүргізеді . оның қазынасын тауып, халықтың керегіне жұмсайды . таудың сырын зерттеу - өнер. оны білу үшін білікті , шығармашыл, ақылды, оның тасын да сүйе алатындай мейірімді болуы керек

Показать ответ
Ответ:
SofiaBlack17
SofiaBlack17
09.11.2021 09:40

Шығарма

 Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...

 Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

 Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.

 Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
LeRaDrEeMuRuNdErTaLe
LeRaDrEeMuRuNdErTaLe
21.05.2023 16:01

Қыста шаңғы тепкенде.

Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп сырғанайды. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды. Мен үшін биылғы қыстың ерекшелігі - ата - анам туған күніме шаңғы сыйлады. Көптен бері шаңғы тебуді үйренгім келіп армандап жүрген болатынмын, енді міне, осы демалыста әкеммен бірге бірінші рет шаңғыға тұрып үйрендім. Әрине, мен ойлағандай оңай болмады, әсіресе тепе - теңдікті ұстау қиынға соқты, бірнеше рет құлап та алдым. Дегенмен, өте қызықты болды. Енді әкеме ұқсап, шыңғыда нық тұрып, тебуді үйренсем, менен бақытты жан болмас. Ал сіз үшін биылғы қыс несімен ерекше?

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота