Переведите на : жүген-құрық тимеген, жасынан ноқта кимеген алты жасар асауды ұстап міндім далада. ақырды асау - жаңғырды дала. тулады, орғыды асау - дүбірлеп күңіренді дала, қиырсыз орғыды асау айнала - дүбірледі айдала. алысып асау осқырды - жал-құйрығы желмен ысқырды, жүйткіп, зымырап құлашын керді асау. танаулары шелектей, ырсылдап демі көріктей, көздері оттай, өріктей. өрге қарай орғыса, өр не қылмақ асауға? жел не қылмақ асауға? желге қарай орғыса, орғытып, ұшыртып жүріп көкіректі кернеп, кең даланы күңірентіп қатты айқайлап ән салдым. жаңғыртып кең даланы. салдым күшті дауыспен ән! әніме қосылды: кең дала, аққулы-қазды шалқар көл, қамысты-құрақты көк өзен қосылды бәрі шуласып, косылды бәрі шаттанып. сендерге, қарындастар, сендерге, інілер, сендерге арналды бұл әндер! дүниенің құлдық шынжырын қиратып, әділдік, теңдік іздеген, тұрмыстың таршылық зынданын бұзып, еркіндік, кеңдік іздеген, көкіректері жанып бақыт іздеген, жастар, сендерге арналды бұл әндер!